Бүгін Сутас мектепалды даярлық тобыныңбалалары дайындаған Жомарт күз атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер

Мерекелік көрініс

«Жомарт күз» атты ертеңгілікке орай зал мерекелік сәнмен безендірілген. Әдемі сазды әуен баяу ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге залға кіріп, музыка ырғағымен билейді. Балалардың қолында — түрлі-түсті жапырақтар.

Тәрбиешінің құттықтауы

Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін Сутас мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Өлең жолдары

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалар хормен: Күзде!

Балалардың үндеуі:
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

Күз ханшайымының келуі

Сырттан желдің гуілі естілгендей болады. Тәрбиеші балалардың назарын соған аударады.

Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңдаршы, бұл қандай шу?

Осы сәтте әдемі әуенмен Күз ханшайымы залға кіреді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам, армысың,
Табиғатым — жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен — Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!

Жұмбақ және тапсырмалар

Жұмбақ

Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Бұл не?

Балалар: Жапырақ!

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!

Күз ханшайымының сыйлығы

Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда — тапсырма бар. Егер тапсырмаларымды орындасаңдар, менің де сендерге арналған сыйлығым болады.

Тәрбиеші: Әрине, құрметті Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең оқып, тақпақ айтып, жұмбақтарды шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: «Күз жомарт»