Тұлға - елдің тұғыры
Оқу қызметінің барысы
Бұл тақырыптық сабақтың өзегі — әділеттілік, елдік мұрат, бірлік пен жауапкершілік. Сабақ барысында балаларға өмір жолынан өнеге ұсына отырып, туған елге сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту көзделеді.
«Шаттық шеңбері»
Балалар бір-бірімен амандасып, достық пен татулықты сезінуге шақырылады.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру,
Қандай жақсы дос болу.
Мотивациялық бөлім
Оқу қызметі 1 желтоқсан — Президент күніне орай ұйымдастырылады. Тақырып: «Елбасымен біргеміз!»
Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін, ынтымақ пен бірлікті ойлаған, ұрпақ санасына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған қоғам қайраткері — тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы әңгіме өрбиді.
Өмірбаяны: негізгі деректер
Туған жері мен балалық шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы тұрмысы шағын отбасында өтті: үлкендерге қолғабыс жасап, мал бағуға, бау-бақшаға көмектесіп, шөп шауып, отын жарып өсті.
Мектепте жақсы оқып, білімге құштар болды. Ата-анасын ерекше құрмет тұтты.
Отбасы
- Жұбайы: Сара Алпысқызы
- Әкесі: Әбіш
- Анасы: Әлжан
- Інілері: Сатыбалды, Болат
- Қарындасы: Әмина
- Туысы: Зейнеп
Еңбек жолының бастауы
Еңбек жолын Теміртау қаласында Қарағанды металлургия комбинатында металлург болып бастады. Кейін ел басқару ісіне араласып, мемлекеттің экономикасын дамытуға, Қазақстанның әлемге танылуына еңбек сіңірді.
Тәуелсіздік кезеңіндегі маңызды оқиғалар
1991 жыл: Президент сайлауы
1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
1991 жыл: Тәуелсіздік жариялануы
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде жарияланды. Елбасының бастауымен Қазақстан әлемге танылып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды.
1992 жыл: Мемлекеттік рәміздер
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері — Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», — дейді қазақ халқы. Әр халықтың өз белгісі, өз рәмізі бар.
Ақорда туралы
Қазақстанның астанасы — Астанада Елбасының қызмет ететін орны ретінде танылған Ақорда орналасқан. Бұл жерде елдің маңызды құжаттарына қол қойылып, мемлекеттік деңгейдегі шешімдер қабылданады.
Тұлға және ел
Елбасын ірі саясаткер ретінде ғана емес, жан-жақты дамыған тұлға ретінде де атап өтуге болады: ол көптеген еңбектер, кітаптар мен жазбалар қалдырған.
Қазақстан — бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін мақтан тұтамыз.
Ел тарихын тұлғалар жасайды: тұлға — елдің тұғыры, тұлға — елдің тұтқасы.
Балалардың арнауы (тақпақтар)
Айару
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Аяжан
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Дана
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — үлкен Астанам,
Отан — туған ауылым.
Әлихан
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана, Отан — үлкен,
Қазақстан — туған ел.
Санжар
Енді қайтсек қазақ болып қаламыз,
Болашаққа қай деңгейде барамыз.
Бодандықтан қайтсе арылар санамыз,
Соны ұқпасақ, көк тиын бар бағамыз.
Балалардың жылы лебізі мен тақпақтары — Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі. Осындай ниет әр баланың жүрегінде азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорытынды
Бұл тақырыптық сабақтың түйіні — ел тарихындағы маңызды кезеңдерді танып-білу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, және ортақ құндылықтар арқылы бірлікке ұмтылу. Отанды сүю — күнделікті іс пен ізгі ниеттен басталады.