Сұрақ қою арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру

Сабақ тақырыбы

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері

Сабақ мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, білімдерін кеңейту.

  • Дамытушылық

    Теориядан алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ой-өрісін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілігі

Плакаттар, карточкалар, Франклиннің портреті мен өмірбаяны, телескоп, слайдтар, электронды оқулықтар, кодоскоп, буклеттер, жұмбақ жинағы.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу.

Пәнаралық байланыс

Астрономия, қазақ тілі, тарих

Сабақ барысы

Құрылымдалған жоспар

I. Ұйымдастыру бөлімі

2 минут
  • Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

А) Сұрақ-жауап

  1. Астрономияның қандай салалары бар?
  2. Әл-Фарабидің «Екінші Ұстаз» атануының басты себебі неде?
  3. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?
  4. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылған қандай аңыздарды білесіңдер?
  5. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  6. Астрономия пәні нені зерттейді?
  7. Астрономия мен физиканың өзара байланысынан қандай қорытындылар жасауға болады?
  8. Күн жүйесіндегі планеталарды атаңдар.

Ә) Сөзжұмбақ арқылы пысықтау

  1. «Екінші Ұстаз» атанған ұлы тұлға кім? (Әл-Фараби)
  2. Солтүстік жарты шардағы ең жарық жұлдыз? (Сириус)
  3. Ориондағы қатар тізіліп тұрған үш жұлдыз (кейде «Үш арқар» деп те аталады)? (Таразы)
  4. Аспанда орын ауыстырмайтын, қазақтар сапарда жол бағдарын анықтауға пайдаланған шоқжұлдыз? (Темірқазық)

III. Қызығушылықты ояту

2 минут

Жұмбақтардың жауабын табу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Жұмбақ 1

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауатын жаңбыр күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті.

Жауабы: Найзағай

Жұмбақ 2

Үй үстінде ұсақ тас.

Жауабы: Жұлдыз

Жаңа сабақ

15 минут

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу.

Ғылыми ой қорыту реті

  1. Алдымен бақылау арқылы деректер жиналады.
  2. Жаңа деректер бұрыннан белгілі деректермен салыстырылады.
  3. «Себеп–салдарлық байланыс бар ма?» деген негізгі сұраққа жауап ізделеді.
  4. Қорытындылар негізінде болжам (гипотеза) ұсынылады.

Найзағай туралы ғылыми түсінік

Найзағайдың пайда болуы туралы ғылыми болжамды В. Франклин (1706–1790) ұсынған. Оның пікірінше, найзағай — әртүрлі зарядталған бұлттардың арасында немесе бұлт пен Жердің арасында пайда болатын аса қуатты электр ұшқыны. Мұндай ұшқын әртүрлі электрленген (зарядталған) денелердің арасында да байқалады.

Астрономиялық бақылау және телескоп

Астрономиялық бақылау жүргізу үшін әртүрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы — телескоп. Оның көмегімен жақын аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі бедерлерін көруге болады. Сондай-ақ телескоп арқылы көзге көрінбейтін басқа аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

7 минут

«Жұмбақ конверт» ойыны (сұрақтар)

  • Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?
  • Табиғат құбылыстарын зерттеу мен ой қорыту реті және оның ерекшеліктері қандай?
  • Болжам (гипотеза) дегеніміз не?
  • Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден айырмашылығы неде?
  • Ғылыми деректермен негізделген жорамал қалай аталады?
  • Физикалық эксперимент жасауға арналған үдеткіш қайда жасалды?

V. Сергіту сәті

2 минут

Интерактивті тақтада табиғат құбылыстарына байланысты мақал-мәтелдер көрсетіледі. Оқушылар олардың жалғасын табады.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

3 минут

«Шахмат атының жүрісі» әдісімен кестедегі мақал-мәтелді дұрыс тауып, оның физикалық баламасын түсіндіру.

Сүмбіле Басқа Су суыр
Үркерлі Найзағай ойнайды Бәрі қыс
Нөсер Туса Аты
Әр айдың Айдың Алдында

VII. Үйге тапсырма

2 минут

§7. «Өзін-өзі тексеру» сұрақтарын орындау.

VIII. Бағалау

2 минут
  • Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
  • Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
  • Мұғалім сыныптың сабаққа қатысуына жалпы баға береді.