Жұдырықты кезек - кезек салысқан күн
Мағжан Жұмабаев
Апалап, қуанбастан, жылаған күн,
Жүрем деп қаз - қаз тұрып, құлаған күн.
Еркелеп, құр былдырлап, өтірік жылап,
Алдына апам байғұстың сұлаған күн.
Апа , мама деген сөзге тіл келген күн,
Ауызға тозаң - топырақ, күл келген күн.
Сенделіп мас кісідей ырғаң - қиқаң,
Аттап аяқ басуға әл келген күн.
Біреу ұрысса, қамығып, жас келген күн,
Ойға жалғыз емшек пен ас келген күн.
Болар енді, тойдым ,- деп ас қайтармай,
Бере берсе, ретпен дес берген күн.
Аяқ басып қотанды, жүгірген күн,
Шешенің емшегінен түңілген күн.
Тыпыр - тыпыр ары - бері жарысқан боп,
Кімді озды дегі, атаға жүгінген күн.
Тай мініп, желі айнала жарысқан күн,
Тең құрбы, балалармен алысқан күн.
Қымс етсе: Әке, апа, тиеді! - деп,
Жұдырықты кезек - кезек салысқан күн.
Батпаққа, қоға тартып, аунаған күн,
Көңілді ылғи ойынмен аулаған күн.
Ренжу, қабақ шыту, мұңаю жоқ,
Жаңбыры қайғы - зардың жаумаған күн.
Қымбат күн, қолға түспес сен алтын күн
Беретін іздеп тауып жоқты бар қып.
Жарқ еттің, көз ашқанша ғайып болдың,
Ашылмас қара тұман қаптады түн.
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
Қазақстандағы бокстың дамуы
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету және дамыту жаттығулары
Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
Бидайдың тыныс алуы
Бастауыш сыныпта дене тәрбиесінің мәселелері
Каратэ
Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану
Құнды қағаздар нарығы
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Құнанбаев Абай
Кәсіби құндылықтар түсінігінің мазмұны
8 қыркүйек бейбітшілік күні
Жеңіс күні туралы