Қыс тобы
Сабақ туралы мәлімет
Сыныбы
7
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың түрі
Қайталау
Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Шығармашылық әдіс
- Ой толғау
Сабақтың жабдықталуы
Сабақтың мақсаттары
Білімділік мақсаты
Етістіктің шақтары бойынша алған білімді жинақтау және тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты
Өз бетінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы дәлелдеу дағдыларын жетілдіру және шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Етістіктің шақтарының табиғатын терең түсініп, орынды қолдануға тәрбиелеу; адами құндылықтарды бойға сіңіру.
Сабақ құрылымы
-
1
Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа бөлу: күзде туғандар — 1-топ, қыста туғандар — 2-топ, көктемде туғандар — 3-топ, жазда туғандар — 4-топ.
-
2
«Білемін» бөлімі
Өткен тақырыптарды еске түсіріп, негізгі ұғымдарды жүйелеу.
-
3
«Білгім келеді» бөлімі
Жаттығу және шығармашылық тапсырмалар арқылы шақтарды ажырату, талдау, қолдану.
-
4
«Білдім» бөлімі
Қорытындылау, ой толғау, бағалау және үй тапсырмасын беру.
«Білемін» бөлімі: сұрақтар
Мұғалім сөзі
Оқушылар, бүгін біз етістіктің шақтары бойынша өткенді қайталап, тақырыптан алған білімімізді көрсетеміз. Сабақ бөлімдері арқылы өз біліміңізді дәлелдеп, білім шыңына бірге көтерілеміз.
Біліміңді байқап көр
-
1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?
-
2. Шақтың қандай түрлері бар?
-
3. Осы шақ дегеніміз не?
-
4. Нақ осы шақ қалай жасалады?
-
5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?
-
6. Ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
-
7. Келер шақ деген не?
-
8. Келер шақтың қандай түрлері бар?
-
9. Келер шақ қалай жасалады?
-
10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?
«Білгім келеді» бөлімі: тапсырмалар
3.1 Жаттығу жұмыстары
Жаттығуларды орындау арқылы етістіктің шақтық мағыналарын ажыратып, шақ түрлеріне талдау жасап, жасалу жолын түсіндіріңіздер.
Күз тобы: 139-жаттығу
Қыс тобы: 141-жаттығу
Көктем тобы: 142-жаттығу
Жаз тобы: 143-жаттығу
3.2 «Қай топ жылдам?»
Е көмекші етістігі тіркескен осы шақ, келер шақ және өткен шақ формаларындағы етістіктерді ойлап айтып, мысал келтіріңіздер.
3.3 Шығармашылық жұмыс
Нұсқаулық
- Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңыздар.
- Етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
- Сөз құрамына қарай талдау жасаңыздар.
- Әр топ өз мақал-мәтелінің мағынасын ашатындай шағын эссе жазады.
Мақал-мәтелдер (топ бойынша)
І топ
Үйдің жылы-суығы, қыс түскенде білінер.
Адамның алыс-жуығы, басыңа іс түскенде білінер.
ІІ топ
Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер.
ІІІ топ
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін қаралы болғанда білерсің.
Жанашырдың қадірін жалалы болғанда білерсің.
IV топ
Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың.
Жолың ұзақ болғанмен, жүре берсең барарсың.
«Білдім» бөлімі: қорытынды
4.1 Сабақты қорытындылау
«Етістіктің ерекшеліктері» тақырыбында ой толғау жазып, қорғау.
Білімді бағалау
Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына және жауаптарының сапасына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
Әр топ өз тобының атауына байланысты шағын шығарма жазып келеді. Шығармадағы үш сөйлемге морфологиялық және синтаксистік талдау жасайды.