Қызығушылығын ояту стратегиясы

Сабақ тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов: «Құштарлық»

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Жалпы мақсат

Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Табиғаттың адам өміріне және жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

Білімділік

  • Мәнерлеп, қатесіз оқуды дамыту.
  • Жүгіртіп оқуды жетілдіру, оқу дағдысын жаттықтыру.
  • Тіл байлығын арттыру, сөздік қорды молайту.

Тәрбиелік және дамытушылық

  • Білім алуға құштарлықты ояту, ынтаны арттыру.
  • Ізденімпаздыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
  • Қоршаған ортаны сақтауға, оқулықты күтіп ұстауға баулу.
  • Оқиғаны елестету, жүрекпен сезіну және өз ойын жеткізу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Көрнекілік

Ж. Аймауытовтың портреті, әңгіме желісі бойынша суреттер.

Әдеби мұра

«Қартқожа», «Ақбілек» романдары туралы мәліметтер.

Техника

Мультимедиялық проектор.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындық, күннің жадын жазу.
  • «Жақсы тілек тілейік!» ойыны.
  • Осы айда туған оқушыларды құттықтау.

II. Жаңа сабақ

а) «Ой қозғау» стратегиясы

  • Біздің еңбегіміз не?
  • Оқуды қайдан аламыз?

ә) «Ой толғау» стратегиясы

Тірек сөздер арқылы «Кітап — біздің досымыз» тақырыбында қысқа мәтін құрастыру.

кітап қазына ақыл жетелейді серігіміз көзi жыртпау таза ескірген өңдейді көп оқу керек

б) Қызығушылықты ояту

Оқу-білімге, кітапқа құмар, оқуға ерекше құштар болған Қартқожа атты бала туралы білгілерің келе ме? (Сюжеттік сурет ұсынылады.) Ең алдымен, осы әңгімені жазған автор — Жүсіпбек Аймауытовпен танысамыз.

в) «Мағынаны ажырату»

  • Проектор арқылы көрсету.
  • Түсіндірмелі жұмыс, оқушылардың дауыстап оқуы.
  • Әңгімелеу арқылы мазмұнын ашу.

г) «Түртіп алу» стратегиясы

Мұғалім мәтінді оқиды. Оқушылар мұқият тыңдап, түсініксіз сөздерді дәптерге түртіп отырады.

Сөздік жұмысы

Қаңтарып тұсау
Аттың басын көтере байлау.
Көзін қадау
Қадала қарау.

III. Жаңа тақырыпты бекіту

  • Мәтінді азат жолдарына қарай бөліктерге бөліп, топпен оқу және талдау.
  • Сұрақ-жауап, тізбектей оқу, тұтастай оқу.

Қартқожа туралы не білдік?

ізденімпаз ынталы оқуды аңсайды сыпайы еңбекқор еңбексүйгіш ісіне тиянақты

Талқылау сұрақтары

  • Қартқожаны не нәрсе қуантты?
  • Қартқожа өзіне қандай серт берді?
  • Сендер қалай оқуларың керек?

IV. «Жалғасын айт» ойыны

Оқу-білім және кітап туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы ойды нақтылау және тілдік қорды бекіту.

V. Өткенге шолу

Үй тапсырмасы ретінде «Сөз сиқырын ұғайық» өлеңі берілген. Оқушылар өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Өлең бойынша сұрақтар

  • Өлеңде не туралы айтылған?
  • Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
  • Біздің елімізде тек қазақтар ғана тұра ма?
  • Қандай мереке жақындап келеді?
  • Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына әр топтан көркем сөз оқу.

VI. Ой қорыту

Қорытындылау: сұрақ-жауап арқылы негізгі ойды жинақтау, оқушылардың түсіну деңгейін анықтау.

VII. Үй тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу және тақырып бойынша қысқа ой-толғау дайындау.

VIII. Бағалау

Оқуға белсенді қатысуы, талдауы, жауаптарының дәлдігі және топтық жұмысқа қосқан үлесі бойынша бағалау.