Музыкалық аспаптар
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптар. Қобыз
Бұл сабақ ұлттық музыка мұрасын танып-білуге бағытталған. Негізгі назар — қазақтың көне аспабы қобыздың тарихы мен мәніне, сондай-ақ көрнекті сазгер әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына аударылады.
Сабақтың типі
Ақпаратты қабылдау және нәтижелерді талдау.
Көрнекілігі
Қобыз, фотосуреттер, тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, музыка.
Құрал-жабдық
Интерактивті тақта.
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік мақсат
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы әңгімелеу, соның ішінде қобыздың тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев туралы мағлұмат беру.
2) Дамытушылық мақсат
Оқушылардың ой-өрісін және сөйлеу тілін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, проблемалық жағдай тудыра отырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Н. Тілендиев шығармаларын дәріптеу, ұлттық аспап түрлерін ажырата білуге тәрбиелеу және музыкаға сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі және психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін ерекше сабақ өтеді. Сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Өздеріңді еркін ұстап, білімдеріңді ортаға салуға тырысыңдар.
Бүгінгі тақырып: «Музыкалық аспаптар. Қобыз». Мақсат: белгілі сазгерлермен танысу, ұлттық аспап түрлерін ажырата білу және грамматикалық тапсырмаларды орындау.
2) Жаңа сабақ: қобыз туралы түсіндіру
Қазақ халқының ұлттық аспап түрлері өте көп. Соның ішінде ең ежелгі аспаптардың бірі — қобыз. Бұл аспаптың өзіндік тарихы бар.
Тарихи мәлімет (А. В. Ожерельевтің әңгімесі негізінде)
Кобыз — древний музыкальный инструмент. Однако в древности кобыз и музыка, которая на нем исполнялась, не использовались в развлекательных целях.
Инструмент применялся баксы в обряде — особом действии, направленном на лечение и гадание. Обряд этот был магическим. Баксы верили, что музыкой и пением призывают и заклинают своих духов, и что те помогают излечить больного.
Происхождение кобызовой музыки и самого инструмента у казахов связано с именем легендарного первого баксы Коркута, которого также называли отцом всех музыкантов.
Музыка мектебінің оқушысы Мәжитова Әйгерім Е. Брусиловскийдің «Шолпан» шығармасын қобызбен орындайды. Қонақтарымызға құнды деректері мен әсем музыкасы үшін алғыс білдіреміз.
3) Интерактивті тақтамен жұмыс: ұлттық аспаптарды тану
Тақтада ұлттық аспаптар көрсетіледі. Оқушылар олардың атауын дұрыс атап, көрсетеді:
- Асатаяқ
- Дабыл
- Даңғыра
- Домбыра
- Жетіген
- Қобыз
- Мүйізсырнай
- Сазсырнай
- Шаңқобыз
- Ұран
- Шертер
- Сыбызғы
Осы аспаптардан оркестрлер мен ансамбльдер құрылады.
4) Нұрғиса Тілендиев туралы мәлімет
Қазақтың белгілі сазгері — Нұрғиса Тілендиев. Ол туралы сынып оқушысы Е. Лебедева таныстырады.
- Туған жылы, жері: 1925 жыл, Алматы облысы, Іле ауданы.
- Білімі: Мәскеудегі П. И. Чайковский атындағы консерваторияның дирижерлік факультеті.
- Қызметі: «Отырар сазы» оркестрінің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
- Марапаты: 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
- Күйлері: «Ата толғауы», «Махамбет», «Аққу» және т.б.
5) Жергілікті өнер: «Көкек» ансамблі
Балалар, біздің ауданда осындай оркестр немесе ансамбль бар ма? Иә, «Көкек» ансамблі.
Ансамбль туралы сынып оқушысы Нұрқышева Салтанат әңгімелейді.
Ауданымыздың «Көкек» ансамблі бүкіл облысқа танымал. Олар облыстық концерттер мен байқауларға тұрақты қатысады. 2009 жылы арнайы шақырумен Түркияда концерт қойып қайтты.
6) Мәтінмен жұмыс: жаңа сөздер және тапсырмалар
Жаңа сөздер
Сөздік дәптерге жазылады:
- аспап
- шымылдық
- үзінді
- сахна
- орындады
- рухани
- өнерпаз
- ішек
- көне
- көрермен
Сөз тіркестері
Жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады:
- рухани байлық
- кең сахна
- шымылдық ашылды
- күй орындады
- өлеңнен үзінді
Мәтін: «Жас өнерпаздар»
Біздің ауылда халық аспаптары оркестрі құрылды. Сенбі күні олар Мәдениет үйінде концерт өткізді. Концерт өте қызықты өтті.
Сахнаның шымылдығы ашылғанда, қолдарына домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы және басқа да аспаптарды ұстаған оркестр көрінді. Олар Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін және халық әні «Бір бала» шығармасын орындады.
Эстрадалық әндер де айтылды. Әртістер «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» спектаклінен үзінді көрсетті. Көрермендер жас өнерпаздардың концертіне риза болды.
Тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.
7) Грамматикалық тапсырмалар
- 1. «Қобыз», «күй» сөздерін септеңдер.
- 2. «Рухани», «ғасыр» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
-
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:
Алматыда қазақ халқының музыкалық аспаптар мұражайы бар.
Мұражайда Дина Нұрпейісованың, Әміре Қашаубаевтің домбыраларын көруге болады.
8) Қорытындылау: тірек-сызбаны толтыру
Тірек-сызбаны толтыру үшін төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер:
- 1. Н. Тілендиев кім?
- 2. Сазгер қай облыста туған?
- 3. Қай оқу орнын аяқтаған?
- 4. Қандай күйлерін білесіңдер?
- 5. Н. Тілендіұлы қай оркестрдің дирижері болған?
- 6. 1998 жылы қандай атақ берілді?
- 7. Қай жылы қайтыс болды?
9) Тест тапсырмалары
Әр сұраққа 20 секунд уақыт беріледі.
1. ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?
- А) қазақ тілі
- Б) орыс тілі
- В) ағылшын тілі
2. Реттік сан есімдерді көрсет.
- А) алты-жеті, төртеу
- Б) бір, бес, жүз
- В) екінші, сегізінші
3. Мақалдың жалғасын тап: «Біреуге ор қазба, ...»
- А) ... соны орасың.
- Б) ... өзің түсерсің.
- В) ... қол бастар.
4. «Асатаяқ» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- А) 7 әріп, 8 дыбыс
- Б) 7 әріп, 7 дыбыс
- В) 8 әріп, 7 дыбыс
5. Бұл қандай сөз тіркесі: «Сыбызғыда ойнайды»?
- А) зат есім + зат есім
- Б) сын есім + есімше
- В) зат есім + етістік
6. Н. Тілендиев кім?
- А) суретші, әнші
- Б) аудармашы, әртіс
- В) сазгер, дирижер
7. Музыкалық аспаптарды көрсет.
- А) күрек, тарақ
- Б) жетіген, сазсырнай
- В) сахна, күй
10) Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
129-бет, 5-тапсырма: берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы бағаланады.