Кіші ағаш аттан секіру
Сабақтың тақырыбы
Кіші ағаш аттан секіру. Аяқты ашып және бүгіп секіру дағдыларын дамыту.
Сауықтыру
Денсаулықты жан-жақты нығайту, үйлесімді дене дамуына ықпал ету және дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.
Білімдік
Қуат-күшті, икемділікті, төзімділікті және табандылықты арттыруға бағыттау.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, ақыл-ойға, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.
Қажетті құралдар мен көрнекілік
Құралдар
- Маттар
Көрнекілік
- Акробатикалық суреттер
Сабақтың барысы
I. Кіріспе бөлім
5–8 минут
-
1) Сапқа тұрғызу, оқушылардың қатысуын тексеру және қысқаша баяндау.
-
2) Өтетін сабақтың міндеттерін түсіндіру.
-
3) Дене қыздыруға арналған бірнеше саптық және реттік жаттығуларды орындау.
Дайындық жаттығулары
а) Алға серпілу
Аяқты түзу ұстап, әр аяқпен кезек-кезек 15–20 серпіліс жасау (25–40 сек., 2 рет қайталау).
ә) Отырып орындалатын жаттығулар (орындықта немесе еденде)
- Аяққа күш түсірмей 12–15 рет серпілу (2 рет қайталау).
- Тізені бүгіп, кезек-кезек кеудеге тигізу (12 рет).
- Аяқты түзу ұстап, жоғары көтеру (8–10 реттен, 2 рет қайталау).
- Аяқты 3–5 сек. көтеріп ұстап тұру (2 рет).
Қажет болған жағдайда қосымша дайындық жаттығуларын қолдануға болады.
II. Негізгі бөлім
32–35 минут
Секіру жаттығулары бұлшықеттерді өсіріп, нығайтады, тыныс алу және қан айналу жүйесінің қызметін жақсартады. Сондай-ақ әртүрлі биіктіктегі кедергілерден тез әрі жеңіл секіріп өту дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жаттығулар ептілікті, батылдықты, шапшаңдықты дамытып, кеңістікте жылдам бағдарлай білуге тәрбиелейді.
Секірудің негізгі элементтері
- 1 Аяқты жерге тіреп, серпілуге дайындалу.
- 2 Серпілу.
- 3 Ұшу.
- 4 Жерге түсу.
Дайындық және техника
- Секіруге арналған дайындық жаттығуларын міндетті түрде орындату.
- Кіші аттан (100–115 см) аяқты жазып, қолды тіреп секіру кезінде: екпін алу, көпіршеге секіріп түсу, аяқпен серпілу және жерге түсу қимылдарының реті қатаң сақталуы керек.
- Осы қимылдарды бірнеше рет қайталап бекіткеннен кейін ғана негізгі жаттығуларға көшу ұсынылады.
Негізгі жаттығулар
1) Кіші ағаш атқа аяқ алшақ ұстап секіріп шығу
Қолды тіреп, аяқты алшақ ашып, қозғалыс үйлесімін сақтай отырып орындау.
2) Отырып, шалқайыңқырап жоғары әрі алға секіріп түсу
Қону кезінде тізені сәл бүгіп, тепе-теңдікті сақтауға және жұмсақ түсуге назар аудару.
Көмек беру және қауіпсіздік
Секіру кезінде мұғалімнің көмегі мен сақтандыруы міндетті түрде ұйымдастырылады. Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады: маттар дұрыс төселеді, арақашықтық сақталады, жаттығу кезегі реттеледі, ал техника орындалуы үнемі бақылауда болады.
III. Қорытынды бөлім
3–5 минут
- 1 Бағалау және мадақтау.