Қызыл түсті жемістерді ата

Сайыс сағаты

Тақырып

Менің Отаным — Қазақстан

Сынып

5, 6, 7

Сайыс мақсаттары

Оқушылардың оқу мақсатына жетуі үшін қажетті әрекеттерді айқындау және тілдік-танымдық дағдыларын дамыту.

Барлығы орындай алады (III деңгей)

  • Заттың түсін атай алады.
  • Жануарлардың атауларын айта алады.
  • Оқу құралдарының атауларын айта алады.
  • Жемістердің атауларын айта алады.

Көбі орындай алады (II деңгей)

  • Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
  • Сызба бойынша атауға сипаттама бере алады.
  • Сөз және сөз тіркестерін құрастыра алады.

Кейбіреуі орындай алады (I деңгей)

  • Мұғалімнің көмегімен постер мазмұнын жеткізе алады.

Басы

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Шаттық шеңберіне тұру.

Топқа бөлу

  • Оқушылар әріптерді суырып алып, сөз құрайды.
  • Құрастырылған сөздерді дауыстап оқиды.
  • Сол сөздер бойынша 3 топқа бөлінеді.

Мағынаны ашу

Әр сөздің мағынасын синонимдер арқылы түсіндіреді.

Ортасы

I айналым — Танысу

Тақырыптық кластер

1-топ

Қазақстан

2-топ

Отан (Родина)

3-топ

Туған жер

  • «Айналмалы» әдісі бойынша жұмыстар топтар арасында алмастырылады.
  • Әр топ хормен жазғанын оқып шығады.

II айналым — Ұшқыр ой

6 сұрақтан: тез, нақты жауап

1-топ: Қазақстан

  1. 4 қабатты үй мен 9 қабатты үйдің қайсысы биік?
  2. Төртбұрыш пен дөңгелектің қайсысында бұрыш көп?
  3. «Орман дәрігері» кім?
  4. Лақ қалай дыбыстайды?
  5. 7 алманың 3-еуі желінді. Нешеуі қалды?
  6. Сен қазақсың ба?

2-топ: Туған жер

  1. Мысықта неше аяқ бар?
  2. Кітап пен дәптердің қайсысы жұқа?
  3. Аң патшасы кім?
  4. Шыршаның түсі қандай?
  5. 8 шардың 2-еуі жарылды. Неше шар қалды?
  6. Ит қалай дыбыстайды?

3-топ: Отан

  1. Биенің сүті қалай аталады?
  2. Қызыл түсті жемістерді ата.
  3. Бананның түсі қандай?
  4. 2 санының көршілері қандай?
  5. Екі күшікте неше құлақ бар?
  6. Судың түсі қандай?

III айналым — Қазақ елі

Тақпақты топпен мәнерлеп оқу

Тақпақ

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Тақпақ: Туған жер

Біз қазақ еліміз, бастан не көрмеген,

Намысын ешкімге қолдан бермеген.

Тұс-тұстан анталап, көз сүзген жаулардан,

Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.

Қазақтың тілері ата жол салтымен —

Достасу, туысу әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,

Елбасы бастап берген саясатқа.

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,

Нұрлы жол — болашаққа бастар жол.

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет:

Қазақ елі — Мәңгілік ел боп қаламыз.

Шарт

  • Тақпақ топпен мәнерлеп оқылады.
  • Әр топ мүшесі міндетті түрде қатысады.

Сергіту сәті

Биле, биле

Қимыл-қозғалысқа арналған сергіту жаттығуы.

Тыңдалым

Қазақ тілі туралы ролик тыңдау/көру.

Мәңгілік Ел туралы нақыл сөздер

Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Мақсат — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану. Тұрмысы қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Біз осы армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Барлығы: Бұл — Мәңгілік Ел.

IV айналым — Мәңгілік ел

Постер қорғау

  • Топтар постер дайындайды.
  • Жұмыс барысында «Жаса, Қазақстан» әні тыңдалады.

Қорытынды мәлімет

Мектеп

Фурманов орта мектебі КММ

Мұғалім

Молдыбаева К.Қ.