Орман қорғаушысы
Сабақ барысы
Бұл сабақ білімді тиянақтауға бағытталған: оқушылар өткен материалдарды еске түсіріп, табиғат құбылыстары мен құстар әлемі туралы түсініктерін нақтылайды, сондай-ақ ауыз әдебиетінің элементтері арқылы тілдік дағдысын дамытады.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық (өлең)
Көк аспаннан күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспаннан күн күлсін!
Жерге ұдайы нұр құйсын!
II. Үй тапсырмасын қайталау: «Ертегілер елінде»
Ертегі туралы қысқаша мәлімет
Ертегі — халық ауыз әдебиетінің бір түрі. «Ертегі» атауы «ертеде», «ерте кезде» деген сөздерден шыққан. Қазақ ертегілері көбіне: «Ертеде бір бай болыпты…», «Ертеде бір хан болыпты…», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты…» деген үлгіде басталады.
Ертегілердің түрлері
- Шыншыл ертегілер
- Қиял-ғажайып ертегілер
- Хайуанаттар туралы ертегілер
Көрініс: «Бұлбұл мен тоқылдақ»
Құрт жеген соң гүліңді,
Жұрт не қылсын үніңді.
III. Жаңа сабақ: Білімді тиянақтау
Тақырып: Табиғат — тіршілік бесігі
Көктем туралы әңгіме
Көктемде қар еріп, жыралардан су ағып, күн шуағы молаяды да ауа райы жылына бастайды. Адамдар қысқы киімдерін жеңіл киімге ауыстырады. Қорадағы мал мен төл өріске шығады. Малшылар жайлауға көшуге дайындалады. Бұл мезгілде жауын-шашын жиілеп, жер балшықтанып, кейде қатты жел соғады.
Самалық деген не?
Самалық — көктем мен күз айларында соғатын салқын, ызғарлы, қатты жел. Ол талдардың бүршіктерін түсіріп, шыбықтарын сындырып, кейде үй шатырын ұшырып әкететіндей күшті болуы мүмкін. Сонымен бірге балшықты жерді тез кептіріп, күннің жылынуына ықпал етеді.
Құстар келді
Көктемде алғаш болып ұзақ жылы жақтан ұшып келіп, ұя сала бастайды. Құстардың түрі өте көп: елімізде шамамен 600-ге жуық құс түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды, сондықтан «табиғат емшілері» деп те айтылады. Ән салып, табиғатқа сән беріп, адамдардың көңілін көтереді.
- Бұлбұл — әнші құс.
- Тоқылдақ — «орман дәрігері».
- Аққу — киелі, сұлу құс.
- Қараторғай — «орман қорғаушысы».
Ойлан, тап! (жұмбақтар)
Қоршаудай мықты тұмсығы,
Бәсекеге тігем бұл шыным.
Құрт-қоңыз аулап жарысам,
Орман дәрігері мен болам.
Жауабы: Тоқылдақ
Он екі айдың біреуі,
Сірә оның атында.
Өзге ұяға із тастап,
«Мен!» деп жар сап жүреді.
Жауабы: Көкек
«Ертегілер елінде»: «Байлық пен ақыл» (көрініс)
Көрініс арқылы оқушылар маңызды ой түйіндейді: байлық, ақша, дүние, алтын — адам өмірінің ең басты өлшемі емес. Адамды биіктететін — ақыл, ізгілік және білім.
Сергіту сәті
Қатты желді, жаңбырды және кемпірқосақты қимыл-қозғалыс арқылы бейнелеп, бой сергітеміз.
IV. Бекіту: сөзжұмбақ
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Ертегі кейіпкері | Қарлығаш |
| 2 | Алғаш келетін құс | Ұзақ |
| 3 | Ең қатты жел | Самалық |
| 4 | Орман қорғаушысы | Торғай |
| 5 | Киелі, сұлу су құсы | Аққу |
| 6 | Жаңбырдан кейінгі табиғат құбылысы | Кемпірқосақ |
V. Қорытынды: тест
1) Қатты желді қалай атайды?
- A)Дауыл
- B)Самалық
- C)Сел
2) Қыстап қалатын құс қайсы?
- A)Аққу
- B)Үйрек
- C)Торғай
3) Жыртқыш құс қайсы?
- A)Бүркіт
- B)Қарға
- C)Тырна
4) Құйрығы айыр құс қайсы?
- A)Бұлбұл
- B)Қарлығаш
- C)Торғай
5) Алғаш келетін құс қайсы?
- A)Көгершін
- B)Қарға
- C)Ұзақ
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және топтық/жеке жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
- Тақырыпқа сай әңгіме құрастырып келу.
- Осы тақырып бойынша тест құрастырып келу.