Оқушылар хормен Отаным әнін орындау

Сабақтың мақсаты

Білім

Тәуелсіздікке ұмтылып, бостандыққа қол созған халықтың ақ ниеті мен адал көңілін таныту. Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан қыршын жастардың ерлігін еске алу арқылы оқушылардың білімін кеңейтіп, тереңдету.

Құндылық

Желтоқсан қаһармандарының есімін келешек ұрпақ жадында мәңгі сақтап, қастерлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбие

Елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу; бірлік, бейбітшілік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дамыту.

Көрнекіліктер және безендіру

  • Желтоқсан құрбандарының суреттері ілінген қара тақта

  • Өсиет сөздер мен қанатты нақылдар

  • Гүлдер, шарлар және тақырыпқа сай декор

  • Оқушылар хормен «Отаным» әнін орындайды

Ертеңгіліктің ашылуы

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік – шұғылалы арманым,
Батыл бастап бақытыма барғанмын.
Тәуелсіздік – көк тіреген тауларым,
Ойға шолып тұратын орманым.

Тәуелсіздік туралы жыр

1-жүргізуші

Тәуелсіздік – ту көтерген жеңісім,
Өмір бойы өзім жейтін жемісім.
Ата-бабам тірлігінде аңсаған —
Құт-береке, бейбіт өмір, келісім.

2-жүргізуші

1991 жыл, 16 желтоқсан — халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтайтын күн. Бұл — Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған, еліміздің тарихында орны айрықша қасиетті ұлттық мереке. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келген күн.

Енді Тәуелсіздігін жеңіп алған қазақ халқының тәуелсіздік тарихына бір сәт ой жүгіртейік.

Желтоқсан қаһармандары

1-жүргізуші

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің —
Ізбасары болу елге жақпаймыз.

Тарихи дерек

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира және басқа да қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық танытып, құрбан болды.

Кезек беріледі

3 «Б» сынып оқушылары

2-жүргізуші

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым —
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Мерекелік бағдарлама

1-жүргізуші

Он алтыншы желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік ел жадында қалған күн.

Ән: «Атамекен»

Орындайтындар: 3 «А» сынып оқушылары

2-жүргізуші

Тәуелсіздікті жырлайық! Ортаға 3 «А» сынып оқушыларын шақырайық.

Мерекелік ән шашу

4-сынып оқушысының орындауында: «Батыстың термесі»

Ән

«Туған жер»

Орындайтын: 2-сынып оқушысы

Би

«Серпер»

Орындайтындар: 2-сынып бишілері (Мәдина биі)

1-жүргізуші

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2-жүргізуші

Дүбірлетсін өңірді, дүбірлесін дүбірлі ел!
Қазақ деген елімнің құтты болсын бұл күні!

Ортаға шақырылады

4-сынып оқушылары

Ән: «Сарбаздар»

Қорытынды

1-жүргізуші

Осымен «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» атты ертеңгілігіміз аяқталды.