Жақты сөйлем

Жылдық күнтізбелік жоспар және күнделікті сабақ жоспары (8-сынып)

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған сабақ жоспарларының мазмұны төмендегі тақырыптарды қамтиды.

21-тақырып

Жай сөйлемнің түрлері

22-тақырып

Жақты сөйлем

23-тақырып

Жақсыз сөйлем

24-тақырып

Жалаң және жайылма сөйлемдер

25-тақырып

Толымды және толымсыз сөйлемдер

Сабақ тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Тіл дамыту
  • Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекіліктер

  • Плакаттар
  • Кеспе қағаздар
  • Қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Орыс тілі

Сабақтың мақсаты

  • Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге мән беруге үйрету.

  • Түрлі әдістерді қолдану арқылы тапқырлықты, жылдамдықты, есте сақтау қабілетін арттыру; сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.

  • Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Сыныптың тазалығына назар аудару.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырма сұралады. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін бірнеше сұрақ қойылады.

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Жай сөйлемнің құрылысы мен көлемі әрқашан бірдей бола бермейді. Мысалы:

«Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.» (Ә. Кекіл.)
Бұл сөйлемде тұрлаулы мүшелер толық қатысқан: күмбезі бой көтерді.
«Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді.» (Ғ. Мұст.)
Бұл сөйлемде бастауыш жоқ, тек баяндауыш қана қатысқан: соға кеткісі келді.
«Үскірік. Аяз. Тұлданған күн.»
Бұл сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек құбылысты атап көрсетеді.

Жай сөйлемдердің осындай ерекшеліктеріне қарай олар төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • 1-топ

    Жақты сөйлем

    және жақсыз сөйлем

  • 2-топ

    Жалаң сөйлем

    және жайылма сөйлем

  • 3-топ

    Толымды сөйлем

    және толымсыз сөйлем

  • 4-түр

    Атаулы сөйлем

    атау арқылы беріледі

Жай сөйлемнің түрлері (қысқаша сызба)

Жақты Жақсыз Толымды Толымсыз Жалаң Жайылма Атаулы

4) Жаттығумен жұмыс

69-жаттығу. Сөйлесуде сөйлемнің басында жоқ және иә сөздері қолданылса, олар өздерінен кейінгі сөздерден үтір арқылы бөлінеді.

Диалогті оқып шығып, әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеңдер.

5) Білімді бекіту

Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына түсініктеме беріліп, жауап қайтарылады.

6) Бағалау

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауы және жаңа сабаққа белсенді қатысуы бағаланады.

7) Үй тапсырмасы

  • Бірнеше сөйлемге синтаксистік талдау жасап келу.
  • Толық нұсқасын қарап шығу.