Банк Грамматикалық тақырып
Сабақ тақырыптары
Лексикалық тақырып:
«Банк»
Грамматикалық тақырып:
Септіктерді қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Септіктер тақырыбы бойынша білімді пысықтау.
- Септік жалғауларын дұрыс жалғап жазуға дағдыландыру.
- Септік жалғаулары мен сұрақтарын қаншалықты меңгергенін байқау және негізгі білімдерін тексеру.
- Өткен сөздерді қайталау.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Ауызша және жазбаша жаттығулар арқылы сауаттылықты арттыру.
- Жылдам ойлап, дұрыс әрі шапшаң жауап беруге дағдыландыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру және іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Өз міндетін тиянақты орындауға тәрбиелеу.
- Отанға, туған жерге сүйіспеншілік сезімін ояту.
- Экономикалық тәрбие беру: үнемділікке және іскерлікке баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Типі
Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау және жүйелеу сабағы.
Түрі
Ойын сабағы.
Формасы
Топпен жұмыс.
Әдістері
Интерактивті әдістер.
Көрнекілігі
Суреттер, интерактивті тақта, презентация.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Кезекшінің есебі.
- Психологиялық дайындық.
Сабақтың барысын хабарлау
Мұғалім: Қазақ тілі грамматикасының ең күрделі тарауларының бірі — септік жалғаулары. Енді осы алған білімімізді жинақтап, жүйелеп, іскерлік ойын сабағы түрінде өткізетін боламыз.
II. Сабаққа ену
Талқылау сұрақтары
- Балалар, банк дегеніміз не? (ақша салу, айлық/зейнетақы алу, несие алу)
- Атырау қаласында қандай банктер бар?
Анықтама
Банк (итал. banco — «үстел»; ағылш. banco — «айырбас үстелі») — ақша қаражаттары мен қорларын жинақтайтын, кредит беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдық қызмет атқаратын қаржы мекемесі. Сондай-ақ банк ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосады, ақша мен құнды қағаздарды шығарады, алтынмен және шетел валютасымен түрлі операциялар жүргізеді.
Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, сондай-ақ тұрғындар тарапынан уақытша бос тұрған қаражатты жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беріп, қаржы мұқтаждығын өтейді. Осы арқылы банк ақша нарығында делдалдық қызмет атқарып, жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады.
Сөздікпен жұмыс
- Несие
- кредит
- Құнды қағаздар
- ценные бумаги
- Шетелдік
- иностранная
- Тауар-ақша қатынастары
- товарно-денежные отношения
Ой қозғау
- Ақша не үшін қажет?
- Ақшаны қалай дұрыс пайдалану керек?
- Банк несиені кімге береді?
Жауап: банк несиені жұмыс істейтін адамдарға және кәсіпкерлерге береді.
Ендеше, біз өзімізді банктің несие бөлімінде қызмет атқаратын мамандар ретінде елестетейік. Алайда әрқайсымыздың қызметіміз әртүрлі болады. Кімнің қандай қызмет атқаратынын анықтау үшін VIP TEST тапсырмаларын орындаймыз.
VIP TEST
Әр тапсырма 2 ұпаймен бағаланады.
-
1) «Несие» сөзі қай септікте тұр?
- A) Атау септік
- C) Барыс септік
- B) Ілік септік
- D) Жатыс септік
-
2) Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле.
- A) қаржы
- C) қаржының
- B) қаржыға
- D) қаржыда
-
3) Барыс септігінің сұрағын белгіле.
- A) кімге? неге? қайда?
- C) кімге? кімді? нені?
- B) кімдерге? кімді? нені?
- D) кіммен? немен?
-
4) Табыс септігінің жалғауын белгіле.
- A) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -гі
- B) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
- C) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді
- D) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
-
5) Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле.
- A) құнды қағаздарда
- C) банкпен
- B) ақшаға
- D) банктен
-
6) Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.
- A) экономикаға
- C) экономиканы
- B) экономикадан
- D) экономикамен
-
7) Көмектес септігінің сұрақтарын ата.
- A) кімде? неде?
- C) кімнен? неден?
- B) кімге? неге?
- D) кіммен? немен?
Нәтиже
Тест қорытындысы бойынша оқушылар үш ұжымға бөлінеді.
Қызмет
Дұрыс орындалған тапсырмалар санына қарай қызмет орны тағайындалады.
Бағалау
Балдық жүйе бойынша сабақ құрылымы түсіндіріледі.
Мұғалімнің тапсырмасы
Үш фирма — «АҚ Мақсат», «Сауда-сервис», «Құрылыс сауда-сервис» — Нұрсұлтан банкінен несие алуға өтінім берді. Сіздер бөлінген қызметтеріңізге сәйкес осы фирмаларды бақылап, бағалауыңыз керек.
- Кестеге шыққан нәтижелерді толтыру.
- Ең жоғары ұпай жинаған фирманы анықтау.
Негізгі бөлім: фирма сипаттамасын анықтау
Фирманың сипаттамасын анықтау үшін сұрақтарға жауап бересіздер. Әр жауап 2 ұпаймен бағаланады.
1) Септіктердің атын атап, ретімен орналастырыңыз.
Қоса сұрақ: Банк дегеніміз не?
2) Септіктердің қызметін анықтаңыз: сұрақтарын тауып сәйкестендіріңіз.
Қоса сұрақ: Банк қандай қызметтер атқарады?
3) Септік жалғауларын атаңыз.
Қоса сұрақ: Банктің пайда болуы мен дамуы немен тығыз байланысты?
Барлық жауап кестеге жазылады. Соңында ең көп ұпай жинаған, яғни ең тиімді нәтиже көрсеткен фирма анықталады.