Сыпыра батыр, Пәле шақыр
Абай Құнанбайұлы өлеңі
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма - жан.
Өз ойында
Тұл бойында
Еш міні жоқ бендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап,
Бұтты - шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі — ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гуде-гу.
Байы — баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтқан бенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр.
Болдың ақыр тап - тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма
Сыпыра жылмаң жел буаз?
Айтты — көндім,
Алды — бердім,
Енді өкіндім — өзіме аз.
Өзіңізге ұнаған ақынның өлеңін сайтқа жариялауға болады. Пікір қалдыру жолына қалдырыңыз!
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ. Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері
Қамар сұлу
О.Әубәкіровтің сықақ әңгімелері
15-16 ғ. жыраулар мен ақындар поэзиясындағы әлеуметтік ойлар
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Қазақ мәдениеті туралы
Ер бағынан ат бағы артық
Қазақ ақын жырауларының дүниетанымының қалыптасуы
Қазақ халқының ортағсырлық мәдениеті
Ерте Палеолит адамдары
Батырлар
БӨГЕНБАЙ БАТЫР туралы
Бөгенбай батыр
Бірімжанов Батырбек Ахметұлы
Өтеген батыр
Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Өтеген батыр Өтеғұлұлы
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы