Құтты білік кітабының негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ тақырыбы

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны.

Жалпы мақсат

Жүсіп Баласағұнның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, дастанның негізгі мазмұнын жүйелі түсіндіру және оқушылардың құндылықтарға негізделген көзқарасын қалыптастыру.

Түсіну

  • «Құтты білік» кітабының негізгі тақырыбы мен идеясын анықтау.
  • Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен үндестігін салыстыру.

Қолдану

Кейіпкерлер бойындағы игі қасиеттерді үлгі ету және оларды сыныптан тыс уақытта да көрсете білу.

Түйінді идеялар

Мазмұн мен идея

Ақын өміріне шолу жасап, дастанның мазмұны мен идеясын нақтылау.

Белсенділік

Оқушы белсенділігін арттыру және тапсырмалар арқылы ынталандыру.

Еркін пікір

Өз ойын еркін жеткізу, өзгенің пікірін тыңдау және құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мақсат: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Бастапқы әрекеттер

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды орта қалыптастырады.
  • Есімдері бойынша әліпби ретімен тұрғызып, оқушыларды №1, №2, №3 топтарға бөлу.

Өткен тақырыпты қайталау (конверт әдісі)

  1. 1 Әр топ өткен тақырып бойынша 3 сұрақ дайындап, конвертке салады.
  2. 2 Конверт топтар арасында айналады: әр топ сұрақтарға жауап жазады, жауап парағының төменгі бөлігіне әр оқушы өз атын көрсетеді.
  3. 3 Соңында әр топ өз сұрақтарының жауаптарын жинақтап, дұрыс нұсқасын оқиды. Оқушының есімі жарияланбайды.

Миға шабуыл

Оқушылар «құт» сөзінің мағынасы туралы ой қозғап, өз пайымдарын интербелсенді тақтаға жазады.

Ақпарат

Білім беру ұйымы

Жарқайың ауданының білім бөлімінің жанындағы интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектеп (ММ).

Өткізген

Сеилова Кызгалдак Абилкаировна.