Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы

Сабақ туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 жалпы орта мектеп-гимназиясы. Тарих пәнінің мұғалімі: Мусина Гүлшара Құралқызы.

Сабақ тақырыбы: Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

  • Абылайдың қолбасшы әрі саяси қайраткер ретінде қалыптасуын, өмір жолын қарастыру.
  • Ресей және Қытаймен қарым-қатынасын сипаттау.
  • Қазақтардың Е.И. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуын, көтерілістің себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің негізгі себептері мен тарихи маңызын ашу.

2) Тәрбиелік мақсат

  • Топпен жұмыс барысында жауапкершілікті сезінуге және бірлесе әрекет етуге үйрету.
  • Жолдасының жауабын мұқият тыңдап, дұрыс әрі әділ бағалау дағдысын қалыптастыру.

3) Дамытушылық мақсат

  • Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар арқылы салыстыру, талдау, қорытынды жасау және пікір білдіру қабілетін дамыту.
  • Ойлау мәдениетін жетілдіру.