Сайыс сабақ. Кім тапқыр

2-сынып • Қазақ тілі • Ашық сабақ (сыныптан тыс шара) жоспары

Тақырыбы: «Кім тапқыр?»

Бұл жоспар Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына арналған танымдық-ойын түріндегі сайыс сабағын ұйымдастыруға бағытталған. Шара барысында 2 «Б», 2 «В», 2 «Г» сынып оқушылары топтарға бөлініп, тапсырмалар арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін көрсетеді.

Мақсаты

  • Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін танытып, көркемдігін сезінуге, сөз құдіретін және оның адам өміріндегі маңызын түсінуге үйрету.
  • Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы тілдің байлығын, шешендігін көрсетіп, оқушының дүниетанымы мен ой-өрісін дамыту.
  • Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу және шешендік өнерге баулу арқылы ана тіліне сүйіспеншілік қалыптастырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ынталандыру.

Ұйымдастыруға қажет

Көрнекілігі
Суреттер
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі

Бағалау: әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталып, марапатталады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін біз Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына арналған «Кім тапқыр?» атты сыныптан тыс шарамызды ашық деп жариялаймыз. Бұл сайыста 2 «Б», 2 «В», 2 «Г» сынып оқушылары топтарға бөлініп, өзара жарысады.

Сайыстың мақсаты: қазақ тілін терең меңгеруге құштарлық ояту, қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға тәрбиелеу, мемлекеттік тілге мақтаныш сезімін қалыптастыру. Сонымен бірге Қазақстан және қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерді кеңейту және дамыту.

II. Сайыс сабақ

Ұстаным: «Сәлем — сөздің бастауы».

Әр топ өздерін таныстырады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Жалпы турлар

  1. 1. «Кім жүйрік?» — сұрақтарға жауап беру
  2. 2. «Кім жылдам?» — сөздерге тиісті әріптерді қою
  3. 3. «Алтын сандық» — орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару
  4. 4. Капитандар сайысы

Біз «Қазақ тілі еліне» сапар шегеміз. Алдымыздан бірнеше сайыс пен тапсырма кездеседі. Тапсырмаларды сәтті орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағына ие болады.

1-тур: «Кім жүйрік?»

Сұрақтарға жауап беру

1 ұпай / жауап
  1. Күз айларын ата.
  2. Қыс айларын ата.
  3. Сен нешінші сыныпта оқисың?
  4. Қыста дала қандай түсті болады?
  5. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?
  6. Оқу құралдарына нелер жатады?
  7. Күзде далада не жауады?
  8. Ал қыста далада не жауады?
  9. Қыста адамдар қандай киім киеді?
  10. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

2-тур: «Кім жылдам?»

Сөздерге тиісті әріптерді қою

Жаттықтыру
Сын__п
Оқ__шы
Мект__п
Тақ__а
Оқу қ__ралдары
К__тап
К__нделік
К__з
Қ__с
Жа__быр
Дәпт__р
Б__р
Т__рт
Мыс__қ
М__ғалім

3-тур: «Алтын сандық»

Орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару

Аударма

Аударуға берілетін сөздер:

  • класс
  • школа
  • ученики
  • книга
  • зима
  • осенние месяцы
  • дождь
  • учитель
  • доска
  • зимняя одежда
  • семья
  • человек
  • магазин
  • город
  • платье
  • девочка
  • мальчик

4-тур: Капитандар сайысы

Әңгімелеу тапсырмасы

Шығармашылық

Әр топтың капитаны өз отбасы туралы қысқаша әңгімелеп береді. Мақсат — ойын жүйелі жеткізу, мәдениетті сөйлеу және қазақ тілін сауатты қолдану.

III. Қорытындылау

Оқушылар жинаған ұпайлар есептеледі, сайыс жеңімпазы анықталып, марапатталады.

«Кім тапқыр?» атты шарамыз осымен аяқталды. Келіп, көріп, баға беріп, атсалысқандарыңызға көп рақмет! Сау болыңыздар!