Сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Оқу тобы: 2 курс УиА – 11 · Сабақ типі: дәріс · Сабақ түрі: аралас

Макроэкономика Аралас құрмалас сөйлем Сұрақ-жауап Бекіту

Білімділік мақсаты

Макроэкономика және аралас құрмалас сөйлем туралы білімді тереңдету, негізгі ұғымдарды жүйелеу.

Тәрбиелік мақсаты

Ілтипаттылыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Жазылым, сөйлеу және ойлау дағдыларын дамыту; дәлелдеу мен талдауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау және түсіндіру
  • Әңгімелесу, лекция элементтері
  • Сұрақ-жауап, пысықтау, бекіту

Көрнекіліктер және байланыс

  • Сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар, Венн диаграммасы
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет, экономика негіздері, математика

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. A)Студенттермен сәлемдесу.
  2. Ә)Студенттерді тізім бойынша белгілеу.
  3. Б)Дәрісхананың және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру.
  4. В)Сабақтың мақсатын түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Форматы: сөзжұмбақ (тақырыбы — «Микроэкономика»)

Төмендегі сұрақтар арқылы өткен материал еске түсіріледі (экономика және тіл білімі ұғымдары қатар қамтылады):

  1. Жекешелендіру процесі саяси-экономикалық үрдіс ретінде үш негізгі аспектінің біріне жатады. Ол қайсысы?
  2. Грамматика іштей екі салаға бөлінеді. Соның бірін атаңыз.
  3. Тауарлар мен қызмет көрсету нарығында өндірушілер, сатып алушылар және сатушылар арасындағы өзара әрекетті нені зерттейді?
  4. Сөйлем мүшесі сөйлем құрау мүмкіндігіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
  5. «Үй шаруашылығын басқару өнері» дегенді білдіретін көне грек сөзі?
  6. Ресурстардың шектеулілігі — адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қатысты қандай қағида?
  7. Екі немесе одан да көп сөзден (не сөз тіркесінен) құралған мүше қалай аталады?
  8. Сөйлем құрамында болғанымен, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше?
  9. Қоғамдық өндіріс екі формаға бөлінеді. Бір түрін атаңыз.
  10. Оқшау сөздің бір түрін атаңыз.
  11. Сөйлем мүшелері қызметіне қарай бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып бөлінеді. Бұлар нелер?
  12. Қазақ тіл білімінің бір саласын атаңыз.
  13. Сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін ғылым саласы?
  14. Сөз таптарын, сөздің өзгеруін және сөйлем құрылысын зерттейтін сала?

III. Жаңа тақырып

Макроэкономика

Экономика

Макроэкономика (грекше μακρός — «ұзын, үлкен», οἶκος — «үй», Nόμος — «заң») — экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі.

Ол экономикалық циклдер мен өрлеу/құлдырау үдерістерін, жұмыспен қамтылуды, инфляцияны, ұлттық экономикалардың өзара байланысын, сондай-ақ мемлекет пен сыртқы сауданың рөлін қарастырады.

Экономистер жиынтық өндіріс, бағаның жалпы деңгейі, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері сияқты кең ауқымды құбылыстарды «макроэкономикалық теория» шеңберінде зерттейді.

Тарихи контекст

Қазіргі макроэкономикалық талдаудың жүйелі дамуы XX ғасырдың бірінші жартысында басталып, америкалық экономист Дж. М. Кейнстің (1883–1946) «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» (1936) еңбегімен тығыз байланысты болды. Бұл кітап нарықтық экономикаға жаңа көзқарас ұсынып, макроталдаудың дамуына күшті серпін берді.

Макродеңгейде қарастырылатын негізгі мәселелер

  • Ұлттық өнім мен ұлттық табыстың мөлшері және құрылымы.
  • Жұмыспен қамтуды реттейтін факторлар.
  • Инфляцияның табиғаты мен салдары.
  • Экономикалық өсудің механизмі мен факторлары.

Аралас құрмалас сөйлем

Қазақ тілі

Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Ол кемінде үш жай сөйлемнен құралып, синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласады.

Мысал

Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды. (Ғ. Мүсірепов)

Бұл — тиянақты – тиянақсыз – тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем.

Аралас құрмалас сөйлем кейде тиянақсыз – тиянақты – тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады: алғашқы тиянақсыз сыңар кейінгі сыңарға бағыныңқы қызмет атқарады, ал ортаңғы тиянақты сыңар келесі сыңарға қатысты бағыныңқы мәнде жұмсалуы мүмкін.

Тағы бір мысал

Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды. (Ә. Нұрпейісов)

Айтылу ырғағы да кең: салаласқа тән тиянақты және сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ алма-кезек келіп отырады.

Мағыналық топтастыруда екі ірі бағыт байқалады: бірыңғай қатынастағы және әрыңғай қатынастағы түрлер. Мағыналық қатынастарды айқындауда алдымен алғашқы екі сыңардың, кейін соңғы екі сыңардың арақатынасы нақтыланады.

Бірыңғай қатынастағы аралас құрмаластардың ыңғайлас, себеп, шарт, салыстырма, түсіндірме, мезгіл мәнді түрлері кездеседі. Ал егер алғашқы екі сыңар мен соңғы екі сыңар арасындағы мағыналық қатынастар әртүрлі болса, сөйлем әрыңғай қатынастағы аралас құрмалас ретінде сипатталады.

IV. Пысықтау (деңгейлік тапсырмалар)

I деңгей

Репродуктивтік

Сөйлемдердің ішінен аралас құрмалас сөйлемді табыңыз:

  • Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.
  • Балалар бірде футбол ойнайды, бірде өзенге барып шомылады.
  • Үй маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты.

II деңгей

Алгоритм

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, қазақ тіліне аударыңыз: (имущества, выручка, ценная, конкурса, денежная, найму)

Акция — ...... бумага, удостоверяющая право ее держателя на получение прибыли в виде дивидендов.

Аренда — предоставление ........ во временное пользование за определенную плату на основании договора.

Аукцион — поочередная продажа товаров на основе ........ покупателей.

Доход — ......., полученная в результате основной и неосновной деятельности предприятия.

Менеджер — профессиональный управляющий, работающий по ......

III деңгей

Эвристика

Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

  1. Тура мағыналы сөзді табыңыз:
    1) Жұмсақ мінез. 2) Адамның басы. 3) Терезенің көзі.
  2. «Келбет» сөзіне синонимді табыңыз:
    1) Ажар. 2) Жақсы. 3) Ірі.
  3. «О» дыбысының түрін белгілеңіз:
    1) Дауысты. 2) Дауыссыз. 3) Қатаң.
  4. Бір буынды сөзді табыңыз:
    1) Адам. 2) Қант. 3) Орман.
  5. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есімін табыңыз:
    1) Қырықтаған. 2) Төртеу. 3) Он-оннан.
  6. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз:
    1) Жұлдұз. 2) Күндүз. 3) Еңкею.
  7. Көптік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз:
    1) Оған, сен, мені. 2) Саралар, кітаптар, тастар. 3) Келемін, менмін, оқисың.
  8. Бас әріппен жазылмайтын нұсқаны көрсетіңіз:
    1) Қазақстан Республикасы. 2) Япырау, мынау Тоғжан ғой! 3) Қазақ, орыс, румын.
  9. Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз: «ұрып-соғу».
    1) Көсемше – тұйық етістік. 2) Зат есім – зат есім. 3) Есімдік – көсемше.
  10. Белгісіздік есімдікті тіркесті табыңыз:
    1) Соның арқасында. 2) Кейбір оқулықтар. 3) Мына көшеде.

V. Қосымша пысықтау және қолдану

Карточкалар арқылы сұрақтар

Отырған студенттерге 5 карточка таратылып, төмендегі блоктар бойынша жауап алынады:

Блок 1

  1. Жалпы тауар эквиваленті?
  2. Кассалық операцияларды жүргізу орны?
  3. Шаруашылық субъектісінің ақша қаражаты қайда сақталады?

Блок 2

  1. Ақшаның құнсыздануын тежеу қалай аталады?
  2. Бағалы қағаз?
  3. Берешек дегеніміз не?

Блок 3

  1. Отандық өндірушілердің тауарын басқа елдерге шығару қалай аталады?
  2. Кәсіпорын/мекеме/оқу орнының басшысы?
  3. Ақша қаражатын есептеуге арналған шот?

Блок 4

  1. Мекеменің есеп бөлімінің қызметкері?
  2. Нарықта сатылатын өнім?
  3. Құжаттарды сақтайтын орын?

Блок 5

  1. Қоғамның мұқтажын/қажеттілігін қамтамасыз ететін өнім?
  2. Өнім сапасын куәландыратын қағаз?
  3. Қандай да бір өнімді дайындау үдерісі?

Синтаксистік талдау және кәсіби сөздер

Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, кәсіби терминдерді анықтаңыз:

Экономика сіз дүниеге келген күннен бастап өміріңізге араласа бастайды.

Экономика — байлыққа, бақытқа, тыныштыққа бастайтын жол.

Жиналған ақшаны несие түрінде уақытша пайдалануға болады.

Валюталық саясат теңгенің тұрақты әрі күшті болуын көздейді.

Венн диаграммасы

«Салалас құрмалас сөйлем» және «Сабақтас құрмалас сөйлем» ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыз.

VI. Бекіту

Топтық жұмыс

Топ 1 және 2 нұсқаға бөлініп, бір-біріне сұрақтар қояды:

  1. Зат есім дегеніміз не?
  2. Сын есім дегеніміз не?
  3. Сан есім дегеніміз не?
  4. Есімдік дегеніміз не?
  5. Етістік дегеніміз не?
  6. Үстеу дегеніміз не?
  7. Шылау дегеніміз не?
  8. Еліктеу сөз дегеніміз не?
  9. Одағай сөз дегеніміз не?
  10. Сөйлем мүшелерін атаңыз.

INSERT кестесі

Оқылған материал бойынша INSERT түртпесі кестесін толтырыңыз (білдім/білгім келеді/жаңалық/түсінбедім сияқты белгілерді қолдану).

Білдім

Негізгі анықтамалар мен тұжырымдарды белгілеңіз.

Білгім келеді

Қосымша сұрақтарды жазыңыз.

Жаңалық

Сіз үшін жаңа болған ұғымдарды көрсетіңіз.

Түсінбедім

Қай тұстарды нақтылау қажет екенін белгілеңіз.

VII. Үй тапсырмасы

Сөздіктерді қазақ тіліне аударып, мағынасын түсіндіріңіз:

Қазақша Орысша
Көне грек сөзідревнегреческое слово
Өз тұрмысымызнаш быт
Неке келісімшартыбрачный контракт
Тыныштықспокойствие
Үй шаруашылығын басқаруведение домашнего хозяйства
Пайдапольза
Пайда болдыпоявился
Ағымдықтекущий
Атаулыименной
Есепсчет, расчет
Жарғылықуставной
Салымвклад
Қарыздолг
Құндыценный
Кепілгарантия
Пайызпроцент
Сақтаухранить
Сақтандырустрахование
Тартылғанпривлеченный
Ұтымдывыиграшный

VIII–IX. Бағалау және қорытынды

Бағалау

Студенттердің жұмысы тапсырмаларды орындауы, жауаптарының дәлдігі, талдау сапасы және топтық жұмысқа қатысу белсенділігі бойынша әділ бағаланады.

Қорытынды түйін

Макроэкономика экономиканы тұтастай қарастырып, экономикалық циклдер, жұмыспен қамту, инфляция және экономикалық саясат сияқты негізгі мәселелерді түсіндіреді. Ал аралас құрмалас сөйлем кемінде үш жай сөйлемнен құралып, салалас пен сабақтастың белгілері қатар көрінетін күрделі синтаксистік құрылым ретінде сипатталады.

Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды. (Ғ. Мүсірепов)