Сәкен Сейфуллин жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллин — «Қызыл шұнақ» (слайд).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сәкен Сейфуллин туралы мағлұмат беру және өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, мейірімді болуға баулу.

Психологиялық дайындық

Ақ көңілді жүрекпен,
Ақ ниетті тілекпен,
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен.

Үй тапсырмасын сұрау

  • «Қыс» өлеңін жаттау.
  • Абай Құнанбайұлы (1845–1904).
  • Желтоқсанның он бірі.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Сәкен Сейфуллин — қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне және көркем образдар әкелген ақиық ақын. Ол сондай-ақ ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург ретінде де танылды.

Ақын 1894 жылы 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Шығармашылыққа белсене араласып, 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. Қазақ әдебиеті оқулықтарын жазуға қатысып, көптеген өлең, повесть және әңгімелер қалдырды.

Өлең: «Қызыл шұнақ»

С

Шытынайды тыста аяз —
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.

Ұшан-теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңдап,
Екі санын сабады.

Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.

(С. Сейфуллин)