Менің кішкентай мысығым

Қазақ тілі Үй жануарлары Сөздік жұмыс

Бүгінгі сабақтың негізгі тақырыбы: «Менің мысығым». Сабақ барысында біз сөйлем құрылымын дұрыс сақтауға, қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты жазуға және үй жануарлары туралы сөздік қорымызды кеңейтуге назар аударамыз.

Сабақтың барысы

1) Амандасу және лексикалық жаттығу

Сабақты ұйымдастыру үшін қысқа сұрақтар қойылады. Мақсат — күнделікті тілдік қолданысты белсендіру.

  • Бүгін нешесі?
  • Аптаның қай күні?
  • Қазір қай сабақ?
  • Біз қайда тұрамыз?
  • Біз қай мектепте оқимыз?

2) Үй тапсырмасын тексеру

Берілген тапсырмалар тексеріледі, қателер талданады, дұрыс нұсқалары түсіндіріледі.

3) Кіріспе әңгіме: сөйлем құрылымы және сауаттылық

Өткен сабақта алғаш рет шығарма жаздық. Жұмыстарды тексеру барысында көптеген оқушылар сөйлем құрылымын толық сақтамағаны байқалды.

Ескерту: Қазақ тілінде сөздердің орын тәртібі көбіне тұрақты, ал етістік сөйлемнің соңында келеді.

Сондай-ақ шығармаларда қазақ тіліне тән дыбыстардан қателер кездескен. Бүгін осы олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыс жасаймыз.

Сыныппен талқылауға арналған сұрақтар

  • Қазір біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?
  • Қандай үй жануарларын білесіңдер?
  • Өткен сабақта қандай тақырыпта шығарма жаздық?
  • Мынау не? Ал мынау ше?

4) Сөздік жұмысы

Жаңа сөздерді оқимыз, сөз тіркестерін құраймыз және оларды сөйлем ішінде қолданамыз.

Есімдіктер

Ол — он, она

Зат есім

Тышқан — мышь

Етістік

Ойнайды — играет

Етістік тіркесі

Тамақ жейді — ест, кушает

Етістік

Ұйықтайды — спит

5) Мәтінмен жұмыс

1-тапсырма: мәтінді оқып, аудару. Содан кейін мәтінді кеңейтіп, өз нұсқамызды құрастырамыз.

Сөйлемдерді толықтыр

Маржанның .... бар. Оның аты — ..... Митя — ақылды ..... Ол тамақ ...., ойнайды, көп ..... Мен мысығымды жақсы .....

Митя мысығы ұйықтайды мысық көремін ішеді

6) Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы зейінді сергітеміз, ырғақпен қайталаймыз.

  1. 1) Мен бойымды тік ұстап,
  2. 2) Таянамын бүйірді.
  3. 3) Бір, екі, үш, төрт,
  4. 4) Бір, екі, үш, төрт.
  5. 5) Аяқты алға қоямын,
  6. 6) Жұдырықты түйемін.
  7. 7) Бес, алты, жеті,
  8. 8) Бес, алты, жеті.
  9. 9) Екі қолды көтеріп,
  10. 10) Мен шапалақ ұрамын.
  11. 11) Сегіз, тоғыз, он,
  12. 12) Сегіз, тоғыз, он.
  13. 13) Ал партаңа қон.

7) Жаттығу жұмысы

4-тапсырма: сөйлемдерді оқып, дәптерге жаз.

  • Саматтың кішкентай күшігі бар. Оның аты — ....
  • Әлияның үлкен мысығы бар. Оның аты — ....
  • Самат күшігін, Әлия мысығын жақсы көреді.

8) «Баспалдақ» тапсырмасы (жеңілден күрделіге)

Оқулық, 53-бет, 6-тапсырма: сөз тіркесі мен сөйлемді біртіндеп кеңейту арқылы құрастыру.

1-қадам

Мысық

2-қадам

Кішкентай мысық

3-қадам

Менің кішкентай мысығым

4-қадам

Менің кішкентай мысығым бар.

Енді осы үлгіге сүйене отырып, өз «баспалдақтарыңды» құрастырыңдар.

9) Сөзжұмбақ

7-тапсырма: сөзжұмбақты шешеміз. Мақсат — жаңа сөздерді бекіту және логикалық ойлауды дамыту.

10) Бекіту сұрақтары

  • Қандай үй жануарларын білеміз?
  • Мынау не?
  • Сиырдың төлі қалай аталады?
  • Жылқының төлі қалай аталады?

11) Сабақты қорыту

  • Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  • Не түсіндік?
  • Қай жері түсініксіз болды?

12) Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма

Жаңылтпаш жаттау.