Топ тапсырмасы Кеңестердің билікке келуі

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Пәні мен сыныбы

Қазақстан тарихы, 5-сынып. Сабақ №24.

Сабақ тақырыбы

§23. Қазақстан Ресей құрамында. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы.

Қолданылатын ресурстар

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы.
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы (5-сынып): Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
  • Интернет материалдары.

Мақсаты мен күтілетін нәтижелер

Жалпы мақсат

Ақпан және Қазан төңкерістері, сондай-ақ Кеңес өкіметінің орнауы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және сол кезеңдегі Қазақстандағы саяси ахуалды пайымдауға жағдай жасау.

Міндеттері

  1. 1 Ақпан, Қазан төңкерістері және Кеңес билігінің орнауы туралы мәлімет беру; оқушылардың төңкерістердің мәнін және Қазақстандағы саяси жағдайды түсінуіне ықпал ету.
  2. 2 Тақырыпты талдату арқылы негізгі мәселені анықтау дағдыларын қалыптастыру, саяси көзқарасын дамытуға көмектесу және нақты тарихи оқиғалар арқылы ой-өрісін кеңейту.
  3. 3 Топта бірлесіп жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Отарлау саясатының салдарын түсіндіре отырып, оқушылардың қорытынды жасай білу дағдысын дамыту.

Негізгі идеялар

  • Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық артып, өзгені оқыту барысында есте сақтау қабілеті дамиды.
  • Жаңаша тәсілдер мен АКТ қолдану пәнге қызығушылықты және оқу белсенділігін күшейтеді.
  • Ашық сұрақтарға жауап беру сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.

Сабақтағы жұмыс формалары мен тапсырмалар

Қолданылатын тапсырмалар

Wiki материалдары Ойталқы Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс Жұптық жұмыс Кесте толтыру Жеке жұмыс «Хат қоржын»

Бағалау

Топтық және жұптық жұмыстар барысында бағалау парағы арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Сабақ барысы: мұғалім жазбалары (мұғалім мен оқушы әрекеті)

I. Ұйымдастыру

Жалпы: 4 минут
  1. 1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

    2 минут

    Оқушыларға жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.

  2. 2) Топқа бөлу

    2 минут

    Дін атаулары арқылы үш топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

2.1 «Хат қоржын»: карточкалық сұрақтар

  1. Дін дегеніміз не?
  2. Табиғат күштеріне табыну дегеніміз не?
  3. Алғашқы адамдардың наным-сенімдерінің түрлері қандай болған?
  4. Адамдардың отқа табынғанын неден байқауға болады?
  5. Түркілердің алғашқы сенімі — Тәңірге табынудың ерекшелігі неде?
  6. Ең ежелгі діни сенім — зәрдүштік қалай пайда болып, қалай тарады?
  7. Христиан және манихей діндері қалай тараған?
  8. Ислам діні қазақ жеріне қалай келді?

2.2 Пікірталас: топтық тапсырма

1-топ

Дін — Алланың әмірі.

2-топ

Діннің тәрбиелік мәні.

3-топ

Дін — бейбітшілік жаршысы.

Бағалау: бағалау парағы.

III. Жаңа сабақ

3.1 Ойталқы

«Революция» ұғымын қалай түсінесіңдер?

3.2 Мәтінмен жұмыс: «Қара, жап, жаз»

Тақырып мазмұнын ашып, постер дайындау және қорғау.

1-топ тапсырмасы

Патшаның тақтан түсуі.

2-топ тапсырмасы

Кеңестердің билікке келуі.

3-топ тапсырмасы

Азамат соғысы.

Бағалау: бағалау парағы.

Бекіту: жұптық жұмыс

Кесте толтыру: «Қазақстан Ресей құрамында. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы» тақырыбы бойынша.

Қосымша ескертпелер

Қажет болған жағдайда «Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері» (қысқа мерзімді жоспар) материалының толық нұсқасы пайдаланылады.