Айдың тапсырмасы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

  • 10 көлеміндегі сандардың құрамын пысықтау, есептеу дағдыларын жетілдіру.
  • Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек ұғымдарын тереңдету.
  • Заттардың ауыр–жеңіл, аз–көп, үлкен–кіші қасиеттерін тәжірибе арқылы салыстыру.
  • Бүтінді теңдей екі және төрт бөлікке бөлу; «жарты», «ширек» ұғымдарын ажырату.

Дамытушылығы

Балалардың білімге құштарлығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі

Ептілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен құралдар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Түсіндіру, әңгімелеу
  • Қию, бояу

Көрнекі және үлестірмелі материалдар

  • Ғарыш бейнесі, сандар, әріптер, Ай, жұлдыздар
  • Геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш
  • Санағыш, қаламдар, қайшы, фломастер
  • Құм салынған қалталар және бос қалталар, таразы

Түрі және алдын ала жұмыс

Сабақ түрі

Біріктірілген оқу қызметі

Алдын ала жүргізілген жұмыстар

Санамақтар айту, қарапайым есептер шығару

Сабақ барысы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қандай ай?
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бүгін аптаның нешінші күні?

Достық шеңбері (лебіздер)

Аспанымыз ашық болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Достығымыз мықты болсын!

Жүзімізден күлкі кетпесін!

Әдепті балалар болайық!

Достық туралы тақпақ

Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз.

2) Кіріспе: ғарышқа сапарға дайындық

Осыдан көп жыл бұрын адамзат алғаш рет ғарышқа ұшты: орыс азаматы Юрий Гагарин. Көп ұзамай қазақстандық ғарышкерлер — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов — ғарышты зерттеуге үлес қосты.

Сұрақ-жауап

  • Ғарыш әлеміне саяхат жасағыларың келе ме?
  • Ғарышқа ұшу үшін бізге не керек?
  • Зымыран кемесін қандай геометриялық пішіндерден құрастыра аламыз?

Практикалық жұмыс

Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш пішіндерін пайдаланып зымыран құрастыру.

Ұшуға дайындық: кері санау

10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0 — Ұштық!

3) Марс: әріптер мен сандарды реттеу

Жұмбақ сөз

М А Р С

Әріптер мен сандарды ретімен орналастырсақ, «Марс» сөзі оқылады.

Қысқаша мәлімет

Марс — Жерге жақын орналасқан планеталардың бірі. Түнгі аспанда кейде қызыл түсті жұлдыздай болып көрінеді.

Талқылау

Санды немен белгілейміз? Дұрыс: цифрмен.

Тура санауға арналған санамақ

Бір — дегенім бірлік, Бірге ойнадық, күлдік. Бір үйдегі көп бала Бір көлікке міндік. Екі — дегенім елім, Атамекен жерім. Өзен, көл мен кең дала, Тауларым менің. Үш — дегенім үй, Үйсіз оңбас күй. Үй — туған ел бөлшегі, Соны еске түй. Төрт — атақты төрт түлік, Төрт түлікте тоқшылық. Жылқы, сиыр, қой, ешкі — Өсір бәрін көп қылып. Бес — қолыңда бес саусақ, Іске даяр тұр самсап. Тас қамалды бұзамыз, Жұдырықтай бір болсақ. Алты — асау арғымақ, Мінсең шабар арқырап. Қиялдайық сондайды, Бәйге сүйгіш әркім-ақ. Жеті — туған жеріміз, Біз — туған жер төлiміз. Жиі барсақ ауылға, Тола түсер кешіміз. Сегіз — деген салтанат, Ел жиналар анталап. Тәуелсіздік тойы бар, Сайыс құрар бар талант. Тоғыз — торғын тоғайың, Бауыр, туыс, ағайын. Ұстаздарың, достарың — Шаттыққа толы маңайың. Он — Отаның ардақты, Ол қорғаның салмақты. Сен ақылды болар деп Бар тілегін арнапты.

Кері санауға арналған шумақ

Он ойланып, Тоғыз толғанып, Сегіз рет сызып, Жеті рет өлшеп, Алты рет қарап, Бес түйме қадап, Төрт қайта санап, Үш үкі тағып, Екі көзім талып, Бір бөрік тіктім.

4) Ай мен жұлдыздар: салыстыру және теңдік

Тапсырма

Айлар мен жұлдыздарды санап, салыстыру.

Мысал

5 + 5 = 10

Қорытынды

Ай саны қанша болса, жұлдыз саны да сонша — тең.

Ой қозғау

Түнде аспаннан неше Ай көреміз? Ай — біреу, жұлдыздар — көп.

5) Юпитер: геометриялық кескіндер және бақылау

Қысқаша мәлімет

Юпитер — өте ірі әрі салмағы ауыр планеталардың бірі. Қазақ тілінде оны кейде «Есекқырған» деп те атайды.

Тапсырмалар

  • Таяқшалардан геометриялық кескіндер құрастыру.
  • Суреттен екі бірдей жұлдызды тауып, қоршап белгілеу.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

6) Сатурн: тәжірибе жұмысы (ауыр–жеңіл)

Тәжірибе

  1. 1Бос қалтаның ішін үрлеп, ауа толтыру.
  2. 2Құм салынған қалта мен ауа толған қалтаны таразымен өлшеу.
  3. 3Көлемі бірдей болғанымен, салмағы әртүрлі болатынын бақылау.

7) Ай: бүтінді тең бөліктерге бөлу

Сұрақ

Ай қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Дұрыс: дөңгелекке.

Тапсырма

  • Дөңгелекті 2-ге бөлу: екі бөлік — жарты.
  • Әр жартыны тағы екіге бүктеу: 4 бөлік — ширек (төрттен бір бөлік).

Көркем сөз

Бір алманы төртке бөлдім, Бір бөлігін жеп те көрдім. Қалған үлкен үш бөлігін Қасымдағы үш досқа бердім. Жегендей-ақ бал-қаймақты, Үшеуі де таңдай қақты. Бөлінбейтін достарменен Бөлісіп жеу қандай жақсы.

8) Жерге оралу: «Парашют» тапсырмалары

Жерге парашютпен қайту үшін есептерді шығарамыз (түстер бойынша сәйкестендіру).

1-есеп

8 − 2 = 6

Қызыл: 6

2-есеп

2 + 3 = 5

Сары: 5

3-есеп

9 − 7 = 2

Жауабы: 2

4-есеп

9 + 1 = 10

Жауабы: 10

9) Қорытынды

Қайталау сұрақтары

  • Біз қайда бардық?
  • Қандай аспан денелерін көрдік?
  • Таяқшалардан нелер құрастырдық?

Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Автор туралы

Диханбаева Гүлімхан Жақсылыққызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

МКҚК №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі