Айырым қағидаты
Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең)
ІІ тур
Қазақ тілі мен әдебиеті 10 – сынып
1. Қазақ әдебиеті
Мазмұны
... Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды .
Үзінді Абайдың қай қарасөзінен келтірілген? Бұл қарасөзде не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.
2. Қазақ әдебиеті
а) Ирония. 2 - 3 мысал келтіріңіз.
ә) Қазіргі жастар поэзиясы.
3. Қазақ тілі
Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):
1. Орта түркі дәуірінің Қараханид кезеңіне жататын жазба мұра?
Орхон - Енисей жазба ескерткіштері; Хорезмидің Мұххабатнамесі ; Рабғузидің Қисса - сул әнбиясы ; Қожа Ахмет Йасауидің Диуани хикметі .
2. Шамамен XV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет еткен қазақтың ескі жазба тілі қандай әліпби негізінде болды?
Латын әліпбиі; Араб әліпбиі; Орыс графикасы; Төте жазу.
3. Ресми ісқағаздар стилінің қолданылатын орындарының бірі:
а) Газеттерде;
ә) Зерттеулерде;
б) Сот процесі кезінде;
в) Көркем шығармаларда.
4. Ботагөз; Амангелді сөздері қандай қағидат бойынша жазылған?
а) Айырым қағидаты;
ә) Тарихи - дәстүрлік қағидат;
б) Тарихи қағидат;
в) Фонетикалық қағидат.
5. Тілдегі сан алуан варианттарды талғап - таңдауда аса қатаң талап қойылмайтын әдеби тіл нормасы:
а) қатаң норма;
ә) босаң норма;
б) тілдік норма;
в) әдеби норма.
4. Қазақ тілі
Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):
Бізді Жазылбек ата он қанатты боз үйдің тұсында тұрып қарсы алды. Ол кісі әжемнің атын ұстап, оны қолтығынан демеп, аттан түсірді, есік ашып, төрге шығарды. Жалкенай жеңешем төрге төрт қабат көрпе салып, әжеме әдеппен сәлем қылып, ол кісіні ерекше құрметпен жұмсақ орынға отырғызды. Келген меймандарға деп, бізге арнайы мал сойылып дастарқан жайылды, үйірілген қышқыл тәтті сары қымыз құйылып, мәнді мәжіліс басталды.
5. Тіл мәдениеті
Отанды сүю - иманнан.
Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең) жүктеу
Коммерциялық шаруашылық
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
Орман,балық жане аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бұзушылықтарды жою бойынша міндетті түрдегі ұйғарым
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері
Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары
Әлеуметтiк жұмыс жүйесiндегi қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар
Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті - оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі
Қазақ халқы - қайырымды халық
Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу - имандылықтың белгісі
Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді: - О, барлық жан - жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт
ОҚО - да Мектепке жол акциясы бастау алдыОңтүстік Қазақстан облысында Мектепке жол жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды
Наурыз мерекесі - мейірімділік, қайырымдылық мейрамы
Қайырымдылық қорында, Ізгілік жолында