Тамаша табиғат көріністер бізге бабаларымыздан аманат
Сабақтың тақырыбы: Тамаша табиғат
Бұл сабақта оқушылар табиғатты қорғау туралы қазақ тілінде еркін әңгімелеуге үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді және мәтін мазмұнын талдау арқылы ауызекі сөйлеу дағдысын дамытады.
Сабақтың мақсаты
Табиғатты қорғау туралы қазақ тілінде әңгімелеуге үйрену.
Көрнекілік және байланыс
- Көрнекілігі: слайдтар
- Пәнаралық байланыс: география, тарих
- Модульдер: АКТ, СТО, жаңа әдіс-тәсілдер, жас ерекшелігі, бағалау
Сабақтың міндеттері
- 1 Мәтін мазмұнымен танысады, жаңа сөздерді меңгереді.
- 2 Шығармашылықпен жұмыс істейді; мәтін негізінде қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге дағдыланады.
- 3 Топпен жұмыс барысында ұйымшылдыққа үйренеді.
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
5 минут1) Топқа бөлу
1, 2, 3 деп санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
2) Фонетикалық жаттығу
Ә, і, ө, ұ, ү, қ, ғ, ң, һ дыбыстарын дұрыс айтуға көңіл бөлу.
3) Жаңылтпаш
Қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырату және нақты айту:
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
II. Мағынаны тану
10 минутБүгінгі сабақтың тақырыбы — «Тамаша табиғат». Оқушылар тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысады және табиғат туралы қазақ тілінде әңгімелеуге жаттығады. Сабақта Қазақстанның әсем жерлеріне «саяхат» жасап, мәтінмен жұмыс жүргізіледі.
1) Сөздікпен жұмыс
Сөз тіркесі мен сөйлем құрау
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| қоршаған орта | окружающая среда |
| тіршілік | жизненная основа |
| алтын бесік | золотая колыбель |
| асқар тау | высокие горы |
| ағынды өзен | быстрые реки |
| аманат | залог |
| перзент | дитя |
Алғашқы бағыт: Астана
Джигсо әдісі
Астана — Есіл бойына салынған әсем қала. Осы бағытта мәтінмен танысып, бөліктер бойынша оқып-талдау жүргізіледі.
Мәтін: Табиғат туралы
Бізді қоршаған орта — жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер, Ай мен Күн, алыстағы жұлдыздар. Осылардың барлығы да табиғат.
Табиғат — барлық тіршілік атаулының мекені, алтын бесігі. Табиғатта көрікті жерлер өте көп. Ақындарымыз оның асқар таулары мен ағынды өзендерін, жазық даласының сұлулығын жырлаған.
Тамаша табиғат көріністері бізге бабаларымыздан аманат. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, ерекше қамқорлықпен қарауы керек. Табиғатты босқа құрытпау қажет.
Табиғатты сақтағанда ғана ол адамзат баласы үшін мәңгі тозбас қоныс болады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті әрі ең үлкен қамқоршысы екенін естен шығармайық.
Жұмыс түрлері
- Мәтінді мұғалімнің оқып беруі.
- «Мәтін не туралы?» сұрағы бойынша талқылау.
- Оқушыларға оқыту және аударту.
Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдердің ретін көрсет
5 минут- Табиғатта көрікті жерлер өте көп.
- Оны сақтағанда ғана адамзат баласы үшін табиғат мәңгі тозбас қоныс болады.
- Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер, Ай мен Күн, алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат.
- Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, аса қамқорлықпен қарауы керек.
- Табиғат — барлық тіршілік атаулының мекені, алтын бесігі.
- Табиғатты босқа құрытпау керек.
Келесі бағыт: Көкшетау өңірі
«3 қадамды сұхбат» әдісі • 10 минутБұл өңірдің сұлулығын ақын-жазушыларымыз үнемі жырға қосқан. Оқушыларды А, В, С деп бөліп, «3 қадамды сұхбат» әдісі арқылы мәтін бойынша өзара сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
Қадам 1
Жұптасып сұхбат алу (сұрақ қою, жауап беру).
Қадам 2
Рөлдерді ауыстыру және сұхбатты жалғастыру.
Қадам 3
Топ ішінде қорытындылау және ортақ ой айту.
Келесі бағыт: Шарын шатқалы
2-тапсырма
Мәтіннен асты сызылған сөздерді теріп жазып, сол сөздерге сөз құрамына талдау жасау.
Саяхатты Алатау баурайында жалғастырамыз
Сергіту сәті
- Көзді қатты жұмып, қайта ашу (2 рет).
- Тақтаға қарап, қыстың соңғы күндері жауған ақша қардың қозғалысын көзбен бақылау.
Келесі бағыт: Каспий теңізі жағалауы
Шығармашылық диктант • 5 минутМәтін үлгісі
(Қайда?) түлеп, (қайда?) өскен,
Тек (қайда?) күн кешке.
Керекті сөздер
- тауда
- аспанда
- шыңда
Қосымша сұрақ: «Кім осы жұмбақтың шешімін табады?» (Жауабы: қыран)
III. Ойтолғаныс
5 минутҚазақстанның тамаша табиғаты мен көз тартар жерлері көп екеніне көз жеткіздік. Енді бағыт — өзіміздің туған жеріміз Жуалы. Жуалы өңірі де сұлу табиғатымен ерекшеленеді.
Жазылым тапсырмасы
«Менің туған жерімнің табиғаты» тақырыбына эссе жазу.
Талқылау
Эссені топ ішінде оқып, үздік жұмыстарды «Автор орындығында» жариялау.
IV. Үй тапсырмасы
Толық нұсқасын және слайдын жүктеу.
V. Бағалау
5 минутТоптық жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызекі жауап және шығармашылық тапсырма нәтижелері бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.