Биыл желтоқсан оқиғасына қанша жыл

Театрланған сабақ

Бұл театрланған сабақ Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін терең түсіндіруге, жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Сабақ мақсаты

  1. Қазақстан тарихында Желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету.
  2. Оқушыларға қазақ халқының ерлігі мен даналығын танытып, ізгі қасиеттерін ардақтауға баулу; Отанды, елді, туған жерді сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімді ояту.
  3. Жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік және зерттеушілік қабілеттерді дамыту.

Құрал-жабдықтар

  • Н. Назарбаевтың суреті
  • Бейнефильмдер
  • Слайдтар, көркем суреттер
  • Интерактивті тақта

Тарихи деректер (тақтада көрсетіледі)

  • «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңі
    1 млн адам
    қаза болды
  • 1916–1921 жылдар аралығы
    800 мың адам
    қырғынға ұшырады
  • 1930–1933 жылдар (Голощекин саясаты)
    2,2 млн адам
    аштықтан қаза тапты
  • Ұлы Отан соғысы
    Халық саны 12% азайды
    (көптеген ұл-қызынан айырылды)

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың мақсатымен таныстыру, қатысушыларды ортақ ойға жұмылдыру.

Жүргізуші 1

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар мен қонақтар!

Жүргізуші 2

Еуразияның қақ ортасында орналасқан, талай халықтың көне де, қазіргі де тарихына куә болған Қазақ даласы қандай қиындықтарды бастан өткізбеді десеңші.

Жанартаулар бұғып жатып бір атылады. Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылғы желтоқсанда тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған — әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Көпшілік бұл күнді ұлттың жаңғыруының, елдігіміз бен есендігіміздің бастауы деп тіледі.

Желтоқсан жаңғырығы: дерек пен тағдыр

Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұлттық намысты оятып, тәуелсіздікке бір табан жақындатқан қуанышты да, қасіретті күн — Желтоқсан оқиғасы.

Ұсталғандар
8515
адам
Прокуратура қарауына
5324
адам алынды
МҚК тергеуіне
550
адам алынды
Денсаулық дерегі
Медициналық көмекке жүгінгендер
1283
адам
Көрсетілім

(Бейнефильмнен үзінді көрсетіледі.)

Желтоқсан қаһарманы: Қайрат Рысқұлбеков

Мұғалімнің сөзі: Желтоқсан қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков бүгін тірі болғанда 47 жасқа келер еді. Қазақ халқының ар-намысын аяққа таптап, өктемдік жүргізгісі келген орталықтың озбыр әрекетіне қарсы жастар бой көтерді. Алматының кең көшелеріне сыймай, лек-легімен тоғысқан жастар алаңда әділдік талап етті; қайсар қыздар тығырықтан шығар жолды іздеді.

Құқықтық шешім

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1988 жылғы 28 сәуірдегі жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке берілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Алайда жазықсыз 20 жыл қапаста отыру оған атылумен бірдей еді.

Айыптау және шындық

Қайратқа жасақшы Савицкийдің өліміне қатысты деген айып тағылды. Ұзақ әрі мұқият тексеруден кейін комиссия бұл айыптаудың тергеу органдары тарапынан қолдан жасалғанын анықтады. Қайрат кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып, қылмыс болған жерде болмағанын мәлімдеді.

Мұғалімнің сөзі: Қайратпен жүргізілген тергеудің егжей-тегжейі толық ашылмай қалды; болған жайттың көп бөлігі құпия күйінде. Сахналық көрініс ретінде Бауыржан Үсеновтің тепкісінің ізімен жазылған «Ерте солған жыр гүлі» қойылымы ұсынылады.

Тарихи бағам: демократияға ұмтылыс

Жүргізуші 1

Желтоқсан оқиғасы — қазақ халқының демократияға, бостандыққа ұмтылған батыл қадамы. Қазақстан Республикасында 17 желтоқсан демократиялық жаңару күні болып белгіленді. Бұл оқиғаның астарында адам құқығының тапталуы, сот әділдігінің әлсіздігі, прокуратура қателіктері сияқты тұтас тарихи деректер жатыр.

Жүргізуші 2

Кеңес мемлекеті тоталитарлық, орталықтанған әкімшілдік жүйемен басқарылды. Коммунистік партия Конституцияда өзін саяси жүйенің ұйытқысы ретінде жариялап, мемлекеттік билікті толық иеленді. 1986 жылғы 17 желтоқсанда жастар демократия жолында әкімшіл-әмірлік жүйемен ашық қақтығысқа шықты. Билік бұл оқиғаны «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалап, халықты орынсыз айыптады.

Сахналық сәт
Ортаға оқушы шығады

Құрманғазы Сағырбайұлының мұңлы күйі орындалады.

Еске алу

Бұл күн ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан аға-әпкелерімізді 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1-оқушы

Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тілімен.

«Жаман үйді қонағы билейді» деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

2-оқушы

Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

Мен жігітпін — айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.

Пәк салтанат салтымды сүйемін мен,

Бақ орнаттым басына моланың да —

Мұрагермін де, иемін мен.

Тәуелсіздікке ұласқан сабақ

Мұғалімнің сөзі: Бүтін бір ұлттың сүйегіне таңба түсірген әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға тартылған сын сағатта дүлей күнге қаймықпай қарсы тұрған жастардың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл — қазақ халқы үшін тарихи белес, елдің әлем картасынан өз орнын айқындаған сәті.

Бүгінде экономика, әлеуметтік және мәдени салаларда маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Елде жүздеген этнос өкілдері бейбіт әрі еркін жағдайда өмір сүріп келеді.

Жүргізуші 1

Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды — кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы — келе бер!

(Слайд: «Қазақстан» көрсетіледі.)

Қорытынды

Желтоқсан оқиғасынан кейінгі жылдар елімізге көптеген өзгеріс әкелді: ұлттық сана-сезім оянып, тәуелсіздік туы биік көтерілді.

II. Бекіту сұрақтары

«Желтоқсан — тәуелсіздік шежіресі» тақырыбын тексеруге арналған сұрақтар:

  1. 1 Желтоқсан оқиғасы дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. 2 Биыл Желтоқсан оқиғасына қанша жыл?
  3. 3 Желтоқсан оқиғасының басталу себебі неде?
  4. 4 Сол оқиғаларға қарсы шыққандарға қандай ат қойылды?
  5. 5 17 желтоқсан қандай күн болып белгіленді?
  6. 6 Желтоқсан оқиғасына кімдер қатысты?