Microsoft Word бағдарламасында бетке стандартты рамка қойып бер

Сайыстың тақырыбы

«ХХІ ғасыр зияткері» сайысы

Сайыстың мақсаты

  • Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау.
  • Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
  • Білімді, жан-жақты болуға тәрбиелеу.
  • Қазіргі заманғы технологиялық жаңалықтарды меңгерту.

Кіріспе сөз

Ассалаумағалейкум, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «ХХІ ғасыр зияткері» атты информатика және есептеу техникасы пәні аясында ұйымдастырылған сайысымызға қош келдіңіздер.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» — деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тірегі — жан-жақты білімді, интеллектуалдық қабілеті жоғары, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін жастар. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің сүйеніші бола аламыз.

ХХІ ғасырда техникасы дамыған елдерде ақпараттың негізгі қоры қағазсыз түрде, яғни ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. В. М. Глушковтың: «ХХІ ғасыр басында ақпаратты пайдалана алмаған адам ХХ ғасыр басындағы не оқи, не жаза білмейтін адамдай болып қалады» — деген пікірі бүгін де өзекті.

Қазіргі заман ақпараттық технологиялары адам әрекетінің барлық саласына терең енді. Сондықтан ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдалана алуы және компьютерде жұмыс істеу дағдысына ие болуы қажет.

Бүгінгі «ХХІ ғасыр зияткері» сайысы — өскелең ұрпақтың информатика және есептеу техникасы пәні бойынша ақпараттық технологияларды жетік меңгеруіне өз үлесін қосады деп сенеміз.

Сайысқа қатысушылар

Мектебіміздің әр сыныбынан іріктелген білімді әрі талапты оқушылар қатысады. Барша сайыскерлерге сәт-сапар тілейміз!

Аты-жөні Сыныбы
1 Саршаев Мәуленберген 9-сынып
2 Үргенішбаева Маусымжан 7-сынып

Сайыс құрылымы

Сайыс келесі турлардан тұрады:

1-тур — Интеллект

Әр қатысушыға ортақ 7 сұрақ қойылады. Жылдамдық пен дәлдік — шешуші фактор.

Уақыт зымырап өтеді, асықпай-ақ үлгер: ойыңды жинақта, жауапта қалыспа.

2-тур — Компьютердің қыр-сыры

Қатысушы кез келген ұяшықты таңдап, онда жасырылған құрылғы туралы толық мәлімет береді.

Мәңгі есте қалар, ғажайып сайыс болсын: білімдірек шәкірт озсын, сауалдарың салмақты болсын.

3-тур — Фотошоп шебері

Бұл турда қатысушылардың Photoshop бағдарламасын меңгеру деңгейі бағаланады. Уақыт: 4 минут.

4-тур — Көрермен кәдесі

Магнит тақтадағы сандардың бірін көрермен таңдап, ішіндегі тапсырманы қатысушыға ұсынады.

5-тур — Кім шапшаң?

Қатысушылар Microsoft Word бағдарламасында 3 минут ішінде мүмкіндігінше көп әрі қатесіз мәтін тереді.

1-тур: «Интеллект» бағалау кестесі

Қатысушылардың жауаптары төмендегі кестеге белгіленеді (1–7 сұрақ).

Қатысушы 1 2 3 4 5 6 7
1 Саршаев Мәуленберген

Компьютердің қыр-сырын меңгеруге талпынған ХХІ ғасыр жастары бар ынтасымен ұмтылады. Алда тұрған белестен шыдамдылық танытып, оқу-білім жинағандар озатыны — заңдылық.

4-тур: «Көрермен кәдесі» тапсырмалары

Көрермен таңдаған сұрақ қатысушыға бағытталады:

  1. Microsoft Word бағдарламасында бетке стандартты рамка қой.
  2. Windows жүйесінде кез келген терезеде жаңа бума (папка) құрып, кейін оны өшір.
  3. Windows жұмыс үстелінің фон суретін өзгертіп бер.
  4. Microsoft PowerPoint бағдарламасында кез келген автофигураға анимациялық эффект орнат.
  5. Microsoft Excel бағдарламасында B1, B2, B3, B4 ұяшықтарын біріктіріп, мәтінді тігінен орналастыр.
  6. Microsoft Word бағдарламасында баған саны 7, қатар саны 19 болатын кесте құр.
  7. Windows-та сағат пен уақыт параметрлерін қалай өзгертуге болатынын көрсет.

5-тур: «Кім шапшаң?» — терілетін мәтін

Қатысушы 3 минут ішінде мәтінді мүмкіндігінше көп, тез әрі қатесіз теруі керек.

Білім алып, оқу оқып, ғылым іздеген адам сауапты іс жасаған болады және ол әрдайым шексіз құрметке кенелмек. Ендеше оқу-білім мен ғылымды өзіне серік еткен жан осындай құрметке, сауапқа кенелсе, білім мен ғылым үйреткен ұстаздың мәртебесі қаншалықты жоғары болатынын шамалаңдар және соған ұмтылыңдар.

Тез теру шеберлігін бағалау кестесі

Қатысушы Сөздер саны Қателер саны
1 Саршаев Мәуленберген

Қорытынды

Қадірменді ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер, осымен сайысымыз аяқталды. Баршаңызға сәттілік тілейміз!