Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы

Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғам талаптарына сай білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеу. Бұл мақсат білім алушыларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландырып, қазіргі жылдам өзгеретін әлем жағдайында терең білім мен кәсіби дағдыларға сүйене отырып еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін білім беру ауқымы мен сапасын арттыру қажеттігі айқын. Қоғамға дені сау, рухы таза, ойы биік азаматтар керек.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында білім беру реформасы табысының басты өлшемі ретінде: тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман деңгейіне көтерілуі керектігі атап көрсетілді. Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша әлемдік стандарттарға сай сапалы білім беру қызметіне қол жеткізу міндеті қойылды.

Бүгінгі таңда әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер өмірдің барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне де әсер етуде. Сондықтан оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып жан-жақты, терең білім беру және білікті маман даярлау — өркениетті дамыған елдердің басты басымдықтарының бірі.

Тәжірибе жинақталған сайын жаңа тәсілдер мен әдістемелер де қалыптасады. Америкалық ұстаз Линда айтқандай, «оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері — бүгінгі әдістеріміздің ата-анасы». Демек, жаңа технологияларды меңгеру — қазіргі күннің өзекті мәселесі.

Оқыту технологияларын топтастыру

Оқыту технологияларын таңдау және жүйелеу тұрғысынан орта және жоғары сатыда қолданылатын негізгі бағыттарды төмендегідей топтастыруға болады.

Дәстүрлі бағыттағы технологиялар

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы
  • Модульдеп оқыту технологиясы

Дамыта оқытуға негізделген технологиялар

  • Сыни ойлауды дамыту технологиясы
  • Іскерлік ойын технологиясы
  • Қабілетті оқушылармен жұмыс технологиясы

Педагогикалық технологияның мазмұндық өрісі

Педагогикалық технология ұғымы қажеттілік, үнемділік, жобалау, тұтастық, басқарушылық, түзетушілік, көрнекілік, алгоритмділік және мақсатты білім беру сияқты түсініктерді қамтиды. Мұғалімнің міндеті — дәстүрлі әдістер мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра және байланыстыра отырып, білімді өмір тәжірибесімен ұштастыру, оқушыны білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету.

Ағылшын тілі сабақтарындағы ойын элементтерінің маңызы

Ағылшын тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану оқушылардың білім-біліктілік, танымдық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Ойын тиімді болуы үшін оның мақсаты, талаптары және ережелері оқушыларға толық әрі түсінікті болуы қажет.

Ойын әдісінің нәтижелері

  • Пәнге қызығушылықты арттырады
  • Өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін білдіруге үйретеді
  • Басқаның жауабын тыңдап, толықтыру дағдысын дамытады
  • Жетістіктер мен кемшіліктерді талдауға баулиды

Дұрыс құрастырылған және әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған ойын — практикалық, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді қатар атқаратын тиімді оқыту тәсілі.

Ойынға қойылатын талаптар қандай болуы керек деген сұраққа келесі бөлімде берілетін сызба негізінде нақты жауап беруге болады.