Зат есім сөздерді табу
Сабақ туралы
Тақырыбы
Сөз таптары. Зат есім.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Ізденіс
- Сұрақ-жауап
- Талдау
Көрнекіліктер
Слайдтар, сызба-нұсқа, тақырыптық кесте-плакат, тақта, бор, оқулық.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, сондай-ақ зат есімнің жалпы есім және жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық
Бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік
Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу және адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу
- Оқу құралдарын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
116-жаттығу
Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.
Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым.
Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім.
Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді.
Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.
117-жаттығу
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылғанын дәлелдеңдер.
- «Беу, дүние-ай» — шаттану мақсатында.
- «Апырмай» — ұнату мағынасында.
Ережені пысықтауға арналған сұрақтар
- Атауыш сөздер дегеніміз не?
- Мысал келтіріңдер.
- Атауыш сөздер қандай мағына береді?
- Көмекші сөздер қандай мағына береді?
- Көмекші сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Абай өлеңдерінен көмекші сөздерді табу
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі ояу, көзі ашық, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешқашан жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті —
Алланы танытуға сөзі айырылмас.
Мақал-мәтелдерден көмекші сөздерді табу
- Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды дауға берме.
- Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
- Отан оттан да ыстық.
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
II. Жаңа сабақ: Сөз таптары. Зат есім
Анықтама
Заттың атын білдіріп, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
Мысалдар
- әке (кім?)
- тау (не?)
- оқушы (кім?)
- іні (кім?)
Жіктелуі: жалпы есім және жалқы есім
Жалпы есім — біркелкі заттардың ортақ, жалпы атауы.
Жалқы есім — белгілі бір заттың, адамдың, орынның жеке өзіне ғана қойылған аты.
Мысал
кісі, адам — жалпы атау; ал Байжан, Гүлнар — жеке адамға қойылған жалқы есімдер.
III. Оқулықпен жұмыс
118-жаттығу
Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптерге жазыңдар.
1) Кісі аттары
Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра, т.б.
2) Елді мекен, әкімшілік атаулар
Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай.
3) Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары
Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы.
4) Жер-су атаулары
Ақтоғай, Тоқырауын өзені.
5) Басылым, кітап, ән, күй, шығарма атаулары
«Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы».
6) Жануарларға қойылатын аттар
Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс, Алабай, т.б.
IV. Шығармашылық жұмыс
«Біздің ауыл» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар. Мәтіндегі жалқы есімдер мен деректі, дерексіз зат есімдердің астын сызып, құрамына талдау жасаңдар.
V. Талдау — табыс кілті
Абайдың ұлағатты сөзін негізге алып, талдау жұмыстарын орындаңдар.
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.
Тапсырма 1
Мәтіндегі зат есімдерді табыңдар.
Тапсырма 2
«Құрбы» сөзіне сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Топтық жұмыс
- I топ: фонетикалық талдау (мүмкіндігінше математикалық тәсілді қолдануға болады).
- II топ: фонологиялық талдау.