Қуыршақ кейпінде қуыршақ болып билеу

Қуыршақтерапиясының танымдық жаттығуы (5-сынып)

Арттерапия психология саласында кең қолданылатын тәсілдердің бірі. Шетелдік зерттеушілер бала дамуында ауытқушылық байқалған жағдайда қуыршақ терапиясын қолдану тиімді болуы мүмкін екенін атап өтеді. Қуыршақтерапия — арттерапия аясындағы психотерапияның бір түрі; ол балаға да, ересекке де ішкі әлемін қауіпсіз түрде білдіруге, сезімін сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін құрал.

Мақсаты

  • Баланың ішкі уайымын қуыршақ ойыны арқылы сыртқа шығару.
  • Психикалық саулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылықты қолдау.
  • Әлеуметтік ортаға бейімделуін арттыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
  • Өзіндік сана-сезімді дамыту, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
  • Ұжымдық жұмыста келісімді шешім қабылдау жолдарын тәжірибелеу.

Әдісі

Баламен жұмыс барысында түрлі кейіпкерлердің рөлін сомдау, оқиғаны ойын арқылы құрастыру және кейіпкер атынан сөйлеу.

Түрі

Қағаздан қиылып жасалатын қуыршақтар. Бұл формат баланың ұжымда өзін көрсетуіне, ортаға ашылуына көмектеседі және логикалық әрі шығармашылық қабілетін дамытады.

Қажетті құралдар

Жылдам және баяу әуендер Түрлі-түсті жұмсақ қағаз (салфетка) Жіп Қайшы Степлер Скотч

Жаттығулар құрылымы

Төмендегі үш жаттығу сабақ барысында кезең-кезеңімен орындалады. Әр тапсырмада оқушының белсенділігі, қауіпсіздігі және бір-бірін құрметтеуі басты назарда болады.

1-жаттығу: «Өз қуыршағымды жасаймын»

Уақыт: 10 минут

Топтағы оқушыларға әртүрлі суреттері бар түрлі-түсті жұмсақ қағаздар (салфеткалар) ұсынылады. Психологтың қолында жіп, степлер және қайшы болуы қажет. Оқушы 10 минут ішінде ешкімнен көшірмей, қолындағы материалдардан өз қиялындағы қуыршақтың үлгісін жасап, оған ат қойып, қысқаша таныстыру мәтінін дайындайды.

Таныстыруда міндетті түрде айтылатын деректер

  • Қуыршақтың аты
  • Жасы
  • Болашақта кім болғысы келетіні
  • Алдағы мақсаты

Тапсырма басталған сәттен бастап оқушылардың жас ерекшелігіне сай жігер беретін, күш-қуатты арттыратын әуен қойылады.

2-жаттығу: «Топтық рөлдік тапсырмалар»

Уақыт: 5 минут (дайындық)

Мақсаты — баланың топқа бейімділігін және ұжымшылдығын анықтау. Оқушылар сыныптағы санына қарай 3 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелеріне тапсырма кезінде «қуыршақ кейпінде» қалатыны ескертіледі. Топтар өздерінің топ басшысын таңдап, топтың атын қояды.

Карточкадағы тапсырмалар (таңдау/бөлу арқылы)

  1. 1 Қуыршақ кейпінде ән айту.
  2. 2 Қуыршақ кейпінде билеу.
  3. 3 Ертегі кейіпкерлерін сомдау (қысқа қойылым жасау).

3-жаттығу: «Әуен ырғағымен қозғалыс»

Формат: қимыл-қозғалыс

Мақсаты — әуен ырғағымен жүру арқылы баланың денесін шынықтыру және іс-әрекетке бейімдеу. Қызықты әрі жылдам әуен қосылады. Алдымен жай әуенмен әр топ жетекшісі шеңберде отырған оқушыларды бір-бірлеп соңынан ертіп, «паровоз» болып жалғасып, қуыршақтарымен бірге билей бастайды.

Қимыл нұсқалары

  • Қуыршақты оң қолға көтеріп билеу.
  • Қуыршақты сол қолға көтеріп билеу.
  • Қуыршақты екі қолға бірге көтеріп билеу.

Кейіптік қимылдар

  • Қоянша секіру.
  • Аюша қорбаңдап жүру.
  • Айнала қозғалып, ырғақпен билеу.

Қорытынды: «Қуыршақ сыйлау» және қоштасу

Бұл кезең — қуыршақтармен қоштасу. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Әр оқушы өзі жасаған қуыршағын басқа оқушыға сыйлап, бір-бірінің қолын ұстайды. Жылы тілек айтуға немесе қысқаша әсерімен бөлісуге болады.

Қатысқандарыңызға көп рақмет!