Сайысты көріп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет

Наурыз — ұлтымның берекесі мен ырысы

Наурыз — салт, Наурыз — дәстүр, Наурыз — діннің де, ділдің де мәйегі. Жыл басы, Ұлыс күні — жаңа жылдың нышаны. Көктем келіп, жер жүзі көгеріп, туған өлкенің әр қыраты қайта түлейді.

Армысыздар, жиылған жұрт, асыл халқым! Ғасырлар бойы дәстүр мен салтты сақтап, ынтымақ пен елдікті биік ұстап келген жұртымыздың Ұлы күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Жаңа заман келіндері» — мерекелік сайыс

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет әйел болмысынан табылады. Осы сайыста келіндердің қазақы әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді білуі, ұлттық тағам әзірлеуі, көркемсөз оқу шеберлігі, ісмерлік пен қолөнерге икемі сынға түседі.

Қатысушылар

  • 1 Ізбасарова Мөлдір
  • 2 Арзықұлова Жәмилә

Әділқазылар

  • 1 Егізбаева Ақсары Насырадинқызы
  • 2 Байекенова Айыш Орынбайқызы
  • 3 Медетова Орынбике Жұмахметқызы

Сайыс кезеңдері

Келіндер бірнеше кезең бойынша бақ сынайды. Әр кезең — қазақы болмыстың бір қыры: таныстыру, өнер, ас-мәзір, дәстүрді білу, сондай-ақ салттық рәсімдерді орындау.

  1. 1) «Мен келінімін қазақтың»

    Таныстыру: келіннің қай рудан шыққаны, қай руға келін болып барғаны және отбасы құндылықтары туралы қысқаша әңгіме.

  2. 2) «Кім неге бейім?»

    Келіндер өз өнерін ортаға салады: ән, би, көркемсөз, домбыра, қолөнер немесе өзге де қабілеттер.

    Өнер көрсететіндер:

    • Сағымбаева Мария
    • Көшимова Айгерім
  3. 3) «Кім жылдам?»

    Берілген уақыт ішінде қамыр жаю (нан әзірлеуге дайындық). Бұл кезең келіннің ептілігі мен шеберлігін көрсетеді.

  4. 4) «Жолдасыңның сүйікті асы»

    Келіншектер ас мәзірін таныстырып, таңдаған тағамының мәнін түсіндіреді. Дастархан мәдениеті — қазақ үшін қадірлі ұғым: «Ас — адамның арқауы» деген сөз бекер айтылмаған.

    Қазақ келіні ең алдымен отбасының берекесін ойлайтын, несібені ысырап етпейтін, бала тәрбиесіне мән беретін, сыйластықты биік қоятын жан болуы керек.

  5. 5) «Салт-дәстүрді білесің бе?»

    Сұрақ-жауап кезеңі: үміткерлерге тапсырмалар таратылады, ойлануға 1 минут беріледі. Мақсат — ұлттық ұғымдар мен рәсімдерді дұрыс түсіну және дәл жауап беру.

  6. 6) «Табақ алу» рәсімі

    Келіндер иіліп сәлем салып, табақ алу рәсімін көрсетеді. Бұл — үлкенді сыйлау, ибалық пен ізеттіліктің белгісі.

Қорытынды және марапаттау

Төрде төрелік етіп отырған әділқазылар алқасына сөз беріліп, сайыс қорытындыланады. Үміткерлер номинациялар бойынша дипломмен марапатталады.

Номинациялар

  • Инабатты келін
  • Парасатты келін
  • Өнерпаз келін
  • Шебер келін
  • Көрікті келін
  • Жаңа заман келіні

«Жаңа заман келіндері» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық аналарды, қыз-келіншектерді өткен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Сайысты көріп, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп рақмет!