Атасы неше жаста, немересі неше жаста
Сабақтың барысы
Психологиялық даярлық
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы күн! Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Топқа бөлу
Оқушылар фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді:
- Ойшылдар
- Білімділер
- Тапқырлар
- Ептілер
«Ғажайып төрттік» ойынының шарты
Төрт пән бойынша сұрақтар беріледі. Әр топ мүшелері жауап беру арқылы «Білім шыңын» бағындырады. «Білім шыңы» төрт сатыдан тұрады:
- I Қазақ тілі
- II Ана тілі
- III Дүниетану
- IV Математика
Әр сатыда пән атауына байланысты тапсырмалар беріледі: әр топтан бір оқушы келіп, сол сатыдағы тапсырманы алады; жауаптар тыңдалып, тексеріледі.
I саты — Қазақ тілі
Қызығушылықты ояту
Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген — дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым — дара тілім.
Грамматикалық жарыс
Тапсырмалар мазмұны грамматикаға қатысты сұрақтар арқылы бекітіледі.
«Дыбыс таңдау» ойыны
Шарты: әр сөз бірдей дыбыстан басталатындай етіп, ұзақ сөйлем құрастыру.
1-топ — «Б» дыбысы
Қазақ тілінде неше септік бар?
2-топ — «Қ» дыбысы
Сөз таптарын ата.
3-топ — «С» дыбысы
Сөйлем мүшелерін ата.
4-топ — «Т» дыбысы
«Туралы» сөзін қатыстырып, сөйлем құра.
Жауап үлгілері
- Бала бақшадағы балаларға биші Бибігүл би билеп беруге барды.
- Қанат қорадағы қалған қозылы қойды қырдағы қойға қосты.
- Сарыағаштағы Самал сары сиырының сүтінен сүзбе сүзді.
- Нұрлан талдың түбінде тұрып, тауықтарына толтырып тары тастады.
II саты — Ана тілі
Ой тұжырымдау: «Ойлы болсаң, озып көр»
Ана тілім — ұраным,
Ана тілім — құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
1-тапсырма
«Бай болсаң — халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң — жауға найзаң тисін». Бұл қай бидің сөзі?
Күтілетін жауап: Әйтеке би.
2-тапсырма
7 санына қатысты қасиетті ұғымдарды атау (топтастыру): 7 ата, 7 керемет, 7 жұрт, 7 нан, 7 күн, 7 қарақшы, 7 мүшел.
Бір-екеуін атап бер.
3-тапсырма
«Шырағым, ер жетерсің… Шыңдасаң шыңға жетерсің» деген бата кімге берілген?
Күтілетін жауап: Ыбырайға.
4-тапсырма
«Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы» — шешендік сөз бе, әлде мақал ма?
Тапсырма сурет арқылы орындалады.
III саты — Математика
Ой қозғау: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Білімінің тұңғиығын болмайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылым бар патшасы боп дараланып,
Математика — қызыққа тоймайтұғын.
1-тапсырма (логикалық)
Атасы неше жаста болса, немересі сонша айлық болады. Ата мен немеренің жастарын қоссақ 91 шығады. Атасы неше жаста, немересі неше жаста?
Жауабы: атасы — 84 жаста, немересі — 7 жаста.
2-тапсырма
Бөлгіш — 5, бөліндінің мәні — 6, қалдық — 4. Бөлінгішті тап.
Жауабы: 34.
3-тапсырма (өлең-жұмбақ)
12 бұтағы бар алып емен, 52 шыбық тарап өсіп-өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы — бар ма еді сондай ағаш көзің көрген?
Жауабы: жыл — 12 ай, 52 апта, 7 тәулік.
4-тапсырма
«Бес миллион бір жүз тоғыз» саны цифрмен қалай жазылады?
Жауабы: 5 000 109.
IV саты — Дүниетану
Ой қозғау
«Біз ата-бабаларымыздан табиғатты мұраға алдық, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық…» — халық даналығы.
Жанды сұрақ: мектеп директоры — С. Үмбеталин.
1-тапсырма
Әлемнің жеті кереметін (ғажайып сәулет туындыларын) ата.
- Александрия маягы
- Хеопс пирамидасы
- Галикарнас кесенесі
- Үлкен сфинкс
- Семирамиданың аспалы бағы
- Артемиданың ғибадатханасы
2-тапсырма
Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзі елдерінің ішінде нешінші орында және аумағы қанша?
Жауабы: 9-орын, 2 724 000 км².
3-тапсырма
Ақтөбе облысындағы мұнай кен орындарын таңда:
4-тапсырма
Биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдығы аталып өтті?
Қосымша кезең — «Білім шыңы» (50 балл)
Қима қағаздармен жұмыс
Қима қағаздардың артқы бетінде бірнеше сөз берілген. Сол сөздерді дұрыс құрастырып, өлең жолдарын оқыңыз.
Шырқалып еркіндіктің әні бізде,
Келісті салтанат пен сәнімізде.
Тәуелсіздік төрлесін мәңгі бізде,
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге.
Қорытынды бөлім
Тәуелсіз Қазақстанның туы мәңгі желбіреп, еліміз өркениетті елдер қатарында, әлем таныған мемлекеттердің санатында болсын!
Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі кеңінен аталып өтуде. Бүгінгі Қазақстан — жер шарында әлемге танылған, озық елдердің бірі. Білімі терең, ұлттық рухы берік ел ғана тәуелсіздігін сақтап, оның одан әрі өркендеуіне мол үлес қоса алады.
Сондықтан тәуелсіз елдің егемен ұл-қыздары болыңдар деген ниетпен сабағымызды қорытындылаймыз. Туымыздың тұғыры мықты, еліміздің іргесі берік болсын!
Сабақты аяқтау
Сабақ Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталады.