Смайылдың шешесі
Сабақ тақырыбы
Әбділдә Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісі (презентация түрінде).
Сабақтың мақсаты
-
Әбділдә Тәжібаев туралы мағлұмат беру; әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан ұқсастығы мен айырмашылығын таныту.
-
Ертегіні оқу арқылы оқушылардың рухани құндылықтармен қауышуына ықпал ету.
-
Оқушының ойын жүйелі жеткізуіне, шапшаңдыққа, сөздік қорының сапалылығы мен молаюына назар аударту.
Көрнекілігі
Жазушының портреті, тест тапсырмалары, суреттер.
Сабақтың түрі
Суретті-ертегі сабақ.
Әдіс-тәсілдері
Әңгімелесу, эвристикалық әдіс, тест, іздену, салыстыру, мәтінмен жұмыс.
Сабақ барысы
Білу
Тест тапсырмалары.
Түсіну
Жаңа сабақ (автор, ертегі табиғаты).
Қолдану
Деңгейлік тапсырмалар.
Талдау • Жинақтау • Бағалау
Венн диаграммасы, бес жол өлең, екі жақты күнделік; эссе, жоспар құру, сурет салу; INSERT арқылы бағалау.
Тест (білу кезеңі)
Төмендегі сұрақтар оқушылардың бастапқы білімін анықтауға арналған.
-
1) Құранда неше сүре бар?
A) 114 B) 116 C) 112 -
2) Құранды кітап етіп шығаруға кімнің тұсында кірісті?
A) Хазрет Оспан B) Хазрет Омар C) Әбубәкір Сыдық -
3) Адам атаның шын аты?
A) Сапиолла B) Самиғолла C) Смағұл -
4) Алла тағала адамды неше күнде жаратты?
A) 7 B) 6 C) 8 -
5) Смайылдың анасы кім?
A) Сара B) Ажар -
6) Ибраһим Ажар мен Смайылды қайда апарды?
A) Палестинаға B) Софа тауына C) Құлазыған шөл далаға -
7) Құранды жатқа айтып, үнемі есінде сақтайтын адамдар қалай аталады?
A) Қари B) Хафиз C) Сахаба -
8) Алла тағала адамды неден жаратты?
A) Судан B) Оттан C) Балшықтан
Жаңа сабақ: Әбділдә Тәжібаев
Портреті (көрнекілік ретінде)
Ақын • драматург • зерттеуші
Өмір сүрген жылдары
1909 ж. 4 ақпан — 1998 ж. 23 қыркүйек
Шығармашылық пен басылымдар
- «Жаңа ырғақ» (1933)
- «Қызыл кенші», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» басылымдарымен байланысы
- «Жамбыл» киносы
- «Толағай» (1978)
Марапаттары
- «Октябрь революциясы» ордені
- «Еңбек Қызыл Ту» ордені
- «Құрмет белгісі» ордені
Ертегі ұғымын жүйелеу
Қиял-ғажайып ертегі
Қиял мен керемет оқиғаларға құрылған.
Хайуанаттар туралы ертегі
Кейіпкерлері — жануарлар, астары — тәрбие.
Шыншыл ертегі
Өмір шындығына жақын оқиғалар.
Әдеби ертегі
Белгілі автордың көркем тілмен жазған туындысы.
Қолдану: топтық тапсырмалар
I топ
- Мәтінді мәнерлеп оқу
- Суретпен жұмыс
II топ
Ерлік тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер айту, мағынасын түсіндіру.
III топ
«Тұжырым» кестесін толтыру (ойды жинақтау және дәлелдеу).