Балқаш көліне саяхат

Сыныптан тыс жұмыс: «Балқаш көліне саяхат»

Мақсаты

  • Оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Танымдық қабілетін және логикалық ойлауын жетілдіру.
  • Шапшаңдыққа, жылдамдыққа, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Топ эмблемалары
  • Балықтар мен қармақ (тапсырмалар жазылған)
  • Слайд-презентация
  • Житондар (ұпай жинау үшін)

Ұйымдастыру форматы

  • Екі топ қатысады, тапсырмалар аялдама бойынша орындалады.
  • Дұрыс жауапқа — житон/ұпай.
  • Көрермендер де сұрақтар мен тапсырмалар арқылы қатысады.

Кіріспе әңгіме (сұрақ-жауап)

Сұрақ: Бізді қоршаған ортаны қалай атаймыз?

Жауап: Табиғат.

Сұрақ: Табиғатқа нелер жатады?

Жауап: Көл, тау, тас, ағаш, құстар.

Сұрақ: Біз қай көлдің жағасында тұрамыз?

Жауап: Балқаш көлінің жағасында.

Еске салу: 11 сәуірде Балқаш қаласының 74 жылдығы аталып өтті.

Осы мерекеге орай «кемемен саяхат» түріндегі танымдық ойын-сабақ ұйымдастырылады.

Балқаш өңірі туралы

Балқаш өңірі әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танымал. Күн сәулесі мол түсетін табиғаты арқылы Қазақстандағы тартымды аймақтардың бірі саналады. Шөлейт, қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады.

Саяхат барысында бірнеше аялдамаға тоқтап, математикалық және логикалық тапсырмалар орындаймыз. Кім көп ұпай жинаса — сол жеңімпаз.

Саяхат бағыты және аялдамалар

Екі топ (эмблемаларымен) сапарға дайын. Ойын «аялдамалар» бойынша жүргізіледі: әр аялдамада тапсырма, әр дұрыс жауапқа — житон.

Аялдама 1: Оңтүстік жағалау — кроссворд

Топтар кроссворд сұрақтарына жауап береді. Жауаптар тексеріліп, дұрыс жауаптарға житон беріледі.

1-топ: «Балқаш»

  1. Заттың құнын және санын білеміз. Не белгісіз? Бағасы
  2. Ұзындықты өлшеу бірлігі: см
  3. Сыйымдылық бірлігі: л
  4. S = v · t формуласы нені білдіреді? Қашықтық
  5. S = a · b нені табамыз? Тіктөртбұрыштың ауданын
  6. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш: Шаршы

2-топ: «Балық»

  1. Ең кіші натурал сан: 1
  2. Ең кіші масса бірлігі: мг
  3. Математикада есептер мен шамаларды нелер арқылы орындаймыз? Амалдар
  4. мм, см, дм, м, км — қандай шамалардың өлшем бірліктері? Ұзындық
  5. Жылдамдық пен уақыт белгілі. Не белгісіз? Қашықтық

Көрермендерге сұрақтар

  • Балқаш көлі туралы не білесіңдер?
  • Балқаш көліне қандай өзендер құяды?
  • Көлді мекендейтін жануарларды атаңдар.
  • Көлде қанша балық түрі бар? Мысал келтір.

Дұрыс жауап берген оқушыларға житон беріледі. Кім көп житон жинаса — сыйлыққа ие болады.

Біздің туған жеріміздің табиғаты өте бай. Сол байлықты бірге сақтай білейік.

Аялдама 2: Шатқал — периметрді тап

Алдымыздан шатқал көрінеді. Берілген өлшемдер бойынша периметрін есептеңдер.

1-топ

Биіктіктері: 11 м және 9 м. Ені: 10 м.

2-топ

Биіктіктері: 7 м және 13 м. Ені: 9 м.

Көрермендерге тапсырма

Құрамында сандар кездесетін мақал-мәтелдерді кім айтады?

Дұрыс жауаптарға житон беріледі. Топтардың жұмысы тексеріліп, жеңген топ ұпай алады.

Аялдама 3: Балықшылар ауылы — «Балық аулау» есептері

Балалар балықшыларға көмектесіп, түрлі-түсті балықтарды «аулайды». Әр балықта есеп жазылған — дұрыс шығарсаң, ұпай қосылады.

1)

Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

Жауабы: 5 бұрыш

2)

Төрт қойдың неше аяғы бар?

Жауабы: 16 аяқ

3)

Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?

Жауабы: 10 торғай

Қалғаны ұшып кетеді.

4)

1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?

Жауабы: тең (екеуі де 1 т)

5)

Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Қанша кг картоп әкелінді?

Жауабы: 300 кг

6)

Кітапқа 100 теңге және тағы сол кітаптың жарты бағасы төленді. Кітап қанша тұрады?

Жауабы: 150 теңге

7)

3 пар ат 12 км/сағ шапса, әрбір ат қанша жылдамдықпен шабады?

Жауабы: 12 км/сағ

8)

7 майшам жанып тұр. Оның екеуін сөндірдім. Қанша майшам қалады?

Жауабы: 2

Қалғандары жанып бітеді.

9)

Ұшақ Алматыдан Астанаға 85 минут ұшады, ал Астанадан Алматыға 1 сағ 25 минутта жетеді. Қайсысы ұзақ?

Жауабы: бірдей

10)

Қаламсап қарындаштан 15 теңгеге қымбат. 5 қаламсап 5 қарындаштан қанша теңгеге қымбат?

Жауабы: 75 теңге

11)

Зауыт 3 дөңгелекті велосипед шығарады: 2 кішкентай, 1 үлкен дөңгелек керек. Егер 30 кішкентай және 15 үлкен дөңгелек болса, неше велосипед жинауға болады?

Жауабы: 15

12)

Ең үлкен екі таңбалы саннан екі «8» цифрымен жазылатын санды азайтамыз, шыққан нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосамыз. Сонда Ғалияның сыныбындағы қыздар саны шығады. Ғалияның сыныбында қанша қыз бар?

Шешуі: 99 − 88 + 10 = 21

Жауабы: 21

Қорытындылау:

Жауаптар тексеріліп, дұрыс орындағандарға житон беріледі. Саяхат әрі қарай жалғасады.

Аялдама 4: Маяк — логикалық сұрақтар

Маяк — алыстан бағыт беріп тұратын жарық шашатын мұнара.

Екі топқа тапсырмалар

  1. Қайың ағашының бір бұтағында 5 алма, екіншісінде 3 алма, үшіншісінде 1 алма өсіп тұр. Барлығы неше алма?
    Жауабы: 0 (қайыңда алма өспейді)
  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
    Жауабы: 3 минут
  3. Бір жанұяда бес ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?
    Жауабы: 6 бала
  4. Айдос автобуспен ауылға бара жатыр. Жолшыбай ол 5 жүк көлігімен және 3 жеңіл көлікпен кездесті. Ауылға неше көлік бара жатыр?
    Жауабы: 1 (тек автобус)
  5. 4 бала 4 сағат асық ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
    Жауабы: 4 сағат
  6. 1 аяқпен тұрған әтештің салмағы 5 кг. Ал 2 аяқпен тұрса, салмағы қанша?
    Жауабы: 5 кг

Дұрыс жауап берген оқушыларға житон беріледі.

Аялдама 5: Бертіс шығанағы — ши арқылы құрастыру

Келесі тапсырма — геометриялық фигураларды шимен құрастыру:

  • 3 шидің орнын ауыстырып, шаршы жаса.
  • 17 шиден 6 шаршы құрастыр. Содан кейін бір шиді алып, 5 шаршы шығар.

Нәтиже:

Тапсырмалар орындалған соң ұпайлар саналып, жеңімпаздар марапатталады.

Қорытынды

Сапардың нәтижесі

Біз Балқаш қаласына сапардан сәтті оралдық. Оқушылар логикалық ойлауын, есептеу дағдыларын, шапшаңдық пен топтық жұмысты тәжірибе арқылы көрсетті.

Бағалау

Тапсырмалар бойынша жиналған житондар есептеледі. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады, қатысушылар марапатталады.

Автор

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Жалпы білім беретін №3 мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Гульнарай Тыйштыкбаевна