Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
Сабақ туралы
Пән / сынып
Химия, 10-сынып
Сабақтың тақырыбы
Химиялық формула бойынша есептеулер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Есептер шығару, талдау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Заттың сандық және сапалық құрамын көрсететін химиялық формула туралы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық
Есептер шығару арқылы Mr-ді және күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды үйрету, логикалық ойлауды дамыту.
Тәрбиелік
Өз бетінше жұмыс жасауға, ойын нақты әрі түсінікті жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық.
II. Үй жұмысын тексеру
-
Төмендегі тұжырымдарда элемент туралы айтылған ба?
- Оттек демалу үшін қажет.
- Оттек судың құрамына кіреді.
-
Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазыңдар және оқып беріңдер.
-
Кестені толтырыңдар.
III. Жаңа сабақ
Бұл сабақта оқушылар белгілі заттардың химиялық формуласы арқылы салыстырмалы молекулалық массаны есептеуді және күрделі заттағы әрбір элементтің массалық үлесін табуды есептер арқылы меңгереді.
Алдымен химиялық формулаларды пайдаланып, есептеулер жүргізудің үш тәсілін үйренеміз.
1) Формула бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу
Заттың формуласындағы әр элементтің салыстырмалы атомдық массасын ескеріп, олардың қосындысы арқылы Mr анықталады.