Аңға байланысты өрнектер
Сабақтың тақырыбы
Осьтік және центрлік симметрия.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Симметрия ұғымын меңгерту.
- Түзуге және нүктеге қатысты симметриялы фигуралармен таныстыру.
- Осьтік және центрлік симметриялы фигураларды атау, түрлерін ажырату.
- Мысалдар келтіру, қолданысы мен маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік
- Ұқыпты кескіндеуге, дәл табуға және зерттеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық мұраларды білуге және қадірлеуге баулу.
Дамытушылық
- Симметрия және симметриялы фигуралар туралы білім, білік, дағды қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
Ұйымдастыру және форматы
- Типі
- Білімді бекіту.
- Түрі
- Сайыс сабақ.
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, көрнекілік арқылы түсіндіру, сайыс, бағалау.
Ресурстар және байланыстар
- Көрнекілігі
- Кеспе қағаздар, ұлы ғалымдардың портреттері, нақыл сөздер, тарихи деректер, альбом, рефераттар және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- Бейнелеу өнері, технология, қазақ тілі, физика, биология, тарих.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Квадрат» және «Шеңбер».
II. Қайталау сұрақтары (сұрақ-жауап)
- 1 Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?
- 2 Осьтік симметриялы фигуралар деп қандай фигураларды айтамыз?
- 3 Төртбұрышта, квадратта және шеңберде симметрия осі нешеу?
- 4 Центрлік симметриялы фигуралар деген не?
- 5 Центрлік симметриялы фигураларға мысалдар келтіріңдер.
III. Негізгі бөлім
1) «Әріппен ойын»
ТапсырмаСуретте берілген фигуралардың қайсысы осьтік симметриялы фигураларға жатады?
Ою-өрнектердің ғылымдағы жіктелуі
-
Зооморфтық (хайуанаттық)
Жануар бейнесі мен пішінін меңзейтін өрнектер.
-
Өсімдіктәріздес (көгөріс)
Өсімдік жапырағы, гүл, өркен секілді элементтер.
-
Геометриялық
Сызық, бұрыш, көпбұрыш, шеңбер тәрізді пішіндерге құрылған.
-
Космогониялық (астральдық, ғарыштық)
Аспан әлемі нышандарымен байланысты өрнектер.
Өрнек атауының мағынасына қарай жіктеу
1) Ай, күн, жұлдыздарға байланысты (космогониялық)
Көк әлеміне қатысты өрнектер: ай, айшық, жұлдызша, күн нұры, күн көзі, күн сәулесі, шыққан/батқан күн, ай-таң, ай-гүл, ай таңба, түнгі ай, жұлдыз, аққан жұлдыз, Үркер.
2) Малға және мал ізіне байланысты өрнектер
Бұл топтың негізін көбіне қошқармүйіз өрнегі құрайды. Мысалдар: өркеш, түйе табан, түйе мойын, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз және т.б.
3) Аңға байланысты өрнектер
Мысалдар: бөріқұлақ, түлкібас, бөрікөз, иттабан және т.б.