Қоңыр қаз жетті қаңқылдап
Табиғат және құстар — өмірдің әуені
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем! Мамырда жер бусанып, гүлдер қауыз жарады. Сай-салада бұлақ сылдырлап ағып, ағаштар жапырақ жайып, қыр көгереді.
Негізгі ой
Табиғат — халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты: күш-қуат та, игілік те, жақсылық та табиғаттан бастау алады.
Көктем келді
Көңілді әуен ойнап, ортаға Көктем мезгілі келеді:
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.
Ендеше, әдемі құстарымызды қуана қарсы алайық. Балалар, ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске түсірейік. Ол үшін құстарға байланысты жұмбақтарға назар аударайық.
Құстар туралы жұмбақтар
-
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.Жауабы: Қарлығаш
-
Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп.Жауабы: Аққу
-
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады.Жауабы: Жарқанат
-
Тақылдатып мазаны алып,
Ағаштарды тазартып,
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалар.Жауабы: Тоқылдақ
Ән мен күй — көктемнің шуағы
Аққулар қонды саңқылдап,
Қоңыр қаз жетті қаңқылдап.
Сырнай мен керней тартқанда,
Ән мен күй кетті қарқындап.
Келесі әніміз сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар: «Біздің балабақшамыз».
Балалардың өлеңдері
Енді құстар туралы тақпақ айтатын балаларымызды тыңдайық.
Айдана
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Әділет
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Ақжан
Үйге кірші, торғайым,
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің,
Үйшік жасап берейін.
Нұржан
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Қорытынды ой
Құстар — табиғаттың көркі, көктемнің шырайы. Оларды қорғау, ұя жасап қарсы алу, табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.