Бүгінгі Қазақшаңыз қалай

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

«Қазақшаңыз қалай?»

Сабақтың түрі

Танымдық сайыс сабақ

Сабақтың формасы

Топтық

Әдістері мен тәсілдері

  • Әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
  • Тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс

Көрнекілігі және пәнаралық байланыс

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту және білім деңгейін көтеру.

Дамытушылық

Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

Мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыру; Отанды, туған жерді сүюге, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; шапшаңдық пен зеректікке баулу.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Құрметті әріптестер мен оқушылар! Бүгін «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйрету.

2-жүргізуші

Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп келеді. Қазақстанда тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу — қасиетті борыш екенін сезінуі тиіс. Осы мақсатпен мектебіміздің 4-сыныптары арасында «Қазақшаңыз қалай?» танымдық сайысын бастаймыз.

Сайыс кезеңдері

  1. 1

    Таныстыру

    Әр топ өздерін таныстырады.

  2. 2

    «Сөздер сөйлейді...»

    Шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау.

  3. 3

    «Кім жылдам?»

    Сөздікпен жұмыс.

  4. 4

    «Өнерпаз болсаң...»

    Үй тапсырмасы: өлең, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш.

  5. 5

    «Сен білесің бе?»

    Сұрақ–жауап.

  6. 6

    «Кім тапқыр?»

    Сурет бойынша әңгіме құрау.

  7. 7

    «Кім жүйрік?»

    Бір сөз құрамындағы әріптерден жаңа сөздер құрау.

  8. 8

    Капитандар сайысы

    Бір әріптен басталатын сөздер айту.

Әділ қазылар

Сайыскерлердің білімін таразылап, баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Көркем сөз

Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

1-жүргізуші

Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

2-жүргізуші

Бастау реті

Енді қай топтың бірінші бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асық таңдалады. Ойынның басынан аяғына дейін бастау реті осыған сәйкес белгіленеді:

  • Қызыл асық алғандар — бірінші.
  • Көк асық алғандар — екінші.
  • Ақ асық алғандар — үшінші.

I кезең: Таныстыру

I топ: «Жас қыран»

Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің — «Жас қыран».

II топ: «Топжарған»

Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз, тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің — «Топжарған».

III топ: «Жас тұлпар»

Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!

II кезең: «Сөздер сөйлейді...»

Бұл кезеңде сайыскерлерге шашыраңқы берілген сөздер ұсынылады. Міндет — сол сөздерден дұрыс әрі мағыналы сөйлем құрастыру.

Тапсырма 1

дүкенде / шешем / сатады / көкөністер / менің

Тапсырма 2

қасында / бар / үйдің / дәріхана / үлкен

Тапсырма 3

сегізде / келеді / мектепке / сағат / Данияр