Оқушылардың су экологиясы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, су табиғат байлығы екендігін ұғындыру, судың қасиеттерімен таныстыру, ластанудан сақтау керектігін түсіндіру
Дүниетану (3-сынып): Су — табиғат байлығы
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың су экологиясы туралы білімін қалыптастыру, судың табиғат байлығы екенін ұғындыру, судың қасиеттерімен таныстыру және суды ластанудан қорғаудың маңызын түсіндіру. Сонымен қатар су арқылы жұғатын аурулар туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері
- Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу.
- Жеке пікір қалыптастыруға және өз ойын дәлелдеуге үйрету.
- Басқаның пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- Ой толғаныс кезеңіне белсене қатысуға ынталандыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
2) Кіріспе бөлім — Ой толғаныс
Оқушылар су туралы бастапқы түсініктерін ортаға салады. Суды сипаттайтын негізгі белгілер:
сұйық
түссіз
иіссіз
еріткіш
дәмсіз