Ақырын бітіп барам жанған шамдай, Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп

Мағжан Жұмабаев

Сарғайдым күннен күнге қуат кеміп,
Қалың ой - қара жылан жүректі еміп.
Ақырын бітіп барам жанған шамдай,
Көзіме ыстық жастар мөлт - мөлт келіп.
Апырм - ай, ауыр болды - ау күнді өткізу,
У жұтып, айдан ұзын түнді өткізу!-
Қозғалып, сөйлеп, ойнап, тірі жатып,
Өлем деп жас өмірден күдер үзу.
Соғасың жиі - жиі, жүрек, неге?
Соққанмен жандана ма солған дене?
Сары су денені улайд тамырларда,
Тазарып, енді оны қан етем деме.
Қалмады көздің нұры, көрге айналдым,
Қараны - ақ, ақты - қара дерге айналдым.
Дямадай пісіп тұрған екі бетім
Қуарып, қаны қашып, күлге айналдым.
Жайылды бар денеме уы дерттің,
Мінекей, екі ай болды жалын жұттым.
Күндіз - Күн, түнде күміс Ай көрмеймін,
Дариға, жаным - азат, денем - тұтқын.
Барады күннен күнге азап асып,
Өлім тұр анадайда қойнын ашып,
Қинала түссін әлі! - дегендей - ақ,
Аяғын, күлімсіреп, санап басып.
Жасаған! Тез алатын ажал жоқ па?
Қинама, тез өлейін, ұшыр оққа.
Шыжылдап дене, шырқырап жан берейін,
Жалыны көкке шыққан түсір отқа!



Ұқсас жұмыстар

Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Мағжан қазақ әдебиетінде
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
Етістік мағыналы фразеологизмдер
О. НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
Ғарышкер және Қазақстан
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат туралы ақпарат
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы
Білімді жастар жарқын болашағымыздың кепілі
ЕЖЕЛГІ РИМДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕР
Бейнелеу өнері арқылы жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Желтоқсанда алаңға,шықты қазақ жастары!!
Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ