Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №3131 орта мектебі
Пән / Мұғалім
Биология пәні мұғалімі: Изтелеуова Динара
Сынып
9
Тақырып
§21. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
Сабақтың типі
Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Өту әдісі
Саяхат түрінде
Көрнекіліктер
Оқулық, слайд, интерактивті тақта, кесте
Пәнаралық байланыс
Тарих, география

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері туралы түсінік қалыптастыру және білімді жетілдіру.
  • Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, әдептілікке, жинақылыққа және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін және пәнге қызығушылығын дамыту.

Сабақ барысы

Тақырып: §21. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері. Сабақ құрылымы оқу мақсаттарына сай кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Негізгі идея

Эволюцияны дәлелдейтін деректер бірнеше ғылым саласында жинақталған.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

§20. «Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі — табиғи сұрыпталудың нәтижесі».

Тапсырма

Бейімделушіліктің түрлеріне қысқаша сипаттама беріп, мысалдармен дәлелдеп, кестені толтырыңдар.

Бейімделушіліктің түрлері Сипаттамасы және мысалдары

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

  1. 1Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер
  2. 2Эмбриологиялық дәлелдемелер
  3. 3Палеонтологиялық дәлелдемелер
  4. 4Биогеографиялық дәлелдемелер

Түйінді ұғымдар

  • Гомологиялық мүшелер: жалпы құрылысы мен шығу тегі бір, қызметі әртүрлі болуы мүмкін мүшелер.
  • Аналогиялық мүшелер: қызметі ұқсас, бірақ құрылысы мен шығу тегі әртүрлі мүшелер.
  • Эмбриология: организмдердің ұрықтық дамуын зерттейтін ғылым.
  • Палеонтология: өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.

Ч. Дарвин эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашып, оның қозғаушы күштерін көрсетті. Ілім жарияланғаннан кейін биологияның әртүрлі салаларында эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар көптеп жинақталды.

Тірі организмдердің жасушадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы, қызметі және химиялық құрамы ұқсас екені анықталды. Бұл — барлық тірі организмдердің шығу тегі бір екендігін дәлелдейтін маңызды дерек.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1) Дұрыс жауабын таңдаңдар

Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы жоқ организмдердің дене құрылысын қай ғылым зерттейді?

  • 1) Палеонтология
  • 2) Салыстырмалы-анатомия

Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан қандай мүшелер дамиды?

  • 1) Аналогтық
  • 2) Гомологтық

Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер қалай аталады?

  • 1) Аналогтық
  • 2) Гомологтық

Көбелек пен құстың қанаттары ұшу қызметін атқарғанымен, құрылысы бір-біріне сәйкес келе ме?

  • 1) Ұқсайды
  • 2) Ұқсамайды

2) Тізімнен мүшелерді ажыратыңдар

Берілген нұсқаларды гомологтық және аналогтық мүшелерге бөліп, кестеге жазыңдар:

  • a) Көбелектің қанаты
  • b) Жарқанаттың қанаты
  • c) Құстың қанаты
  • d) Көртышқанның алдыңғы аяқтары
  • e) Балықтың желбезегі
  • f) Бұзаубастың аяғы
  • g) Өзен шаянының желбезегі
Гомологтық мүшелер Аналогтық мүшелер

3) Эмбриологиялық дәлелдемелер бойынша биологиялық диктант

Берілген сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңдар. Жауаптар төменде ұсынылған.

Жануарлардың ұрықтық дамуының ұқсастығы шығу тегінің екендігін дәлелдейді.

Әртүрлі жануарлар ұрықтарының даму ұқсастығын анықтады.

Жеке даму кезінде сатысынан өтеді.

Омыртқалы жануарлардың ұрықтары ең алғашқы даму сатысында бөлімдерінен тұрады.

Жүйке жүйесі алдымен тәрізді болады.

Омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын белгілері қалыптасады.

Типтен соң белгілері қалыптасады.

Балықтарда жұп аяқтары айналады.

Қажетті жауаптар

К. М. Бэр бір хордадан түтік типтің кластың бас, дене, құйрық желбезек жүзбе қанатына бөлшектену; үшқабатты ұрықтың түзілуі; ұрық жапырақшаларынан мүшелер түзілу

4) Кесте: эволюция дәлелдемелерін жүйелеу

Дәлелдемелер Анықтамасы Мысалдар
Салыстырмалы-анатомиялық
Эмбриологиялық
Палеонтологиялық
Биогеографиялық

V. Қорытындылау

Эволюциялық ілімге қарсы пікірлер Дарвиннің жаңа түрлердің түзілуі туралы теориясына жиі күмән келтіреді. Дегенмен ірі таксондардың (туыс, тұқымдас, отряд, класс) қалыптасуы табиғи сұрыпталумен байланыспайды деген тұжырым ғылыми деректермен сәйкес келе бермейді.

Макроэволюцияның секіртпелі емес, біртіндеп жүретінін дәлелдейтін өліп біткен және қазіргі кезде тіршілік ететін өтпелі формалардың жеткілікті саны табылған. Бұл деректер эволюцияның тарихи үдеріс екенін нақтылай түседі.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

Тақырыпты қайталау және бекіту

«Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері» тақырыбын оқып, негізгі ұғымдарды (гомологиялық/аналогиялық мүшелер, эмбриология, палеонтология) қысқаша конспект түрінде дайындаңдар.