Көп қой батыр ағалар
Тәрбие сағаты туралы мәлімет
Өткізілген орны
ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы — Барқытбел орта мектебі.
Сынып
3–4 сынып
Тақырып
«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды»
Жауапты мұғалімдер
- Ковнашарова К. К.
- Алиппаева С. К.
Тәрбие сағатының барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Биыл 9 мамыр — Ұлы Жеңіске 70 жыл. Сендер де, сендердің әкелерің де, тіпті кейбіреулеріңнің аталарың да соғысты көрген жоқ. Сондықтан біз — бақытты ұрпақпыз.
Ал бізге бейбіт те, бақытты өмірді кім сыйлады? 1941 жылдың 21 маусымында басталып, 1945 жылдың 9 мамырында Жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысына қатысқан бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ, бірақ олардың есімі мен ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстаннан қатысқан
1 200 000
адам
Оның ішінде
400 000
әйел
Кеңес Одағының Батыры
500
жауынгер мен офицер (оның ішінде 100 — қазақ)
Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақ жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17–18 жастағы өрімдей жастар еді. Басым бөлігі Ұлы Жеңісті көре алмай, кейінгі ұрпақтың бақыты үшін жат жерде көз жұмды.
Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар, бота тірсек балалар күн демей, түн демей, аш құрсақ күйде арып-ашып еңбек етті.
Олар — мәңгілік мақтанышымыз, айбарымыз.
Ән
«Соғыс ешқашан да болмасын» (хор).
Ұлы Жеңіске арналған өлең жолдары
1-оқушы
Олар өлді тек аспан сау болсын деп,
Олар өлді туған жер бар болсын деп.
Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді өзгелер өлмесін деп.
Олар жұтқан ауаны құлатпадық,
Олар жыртқан даланы жылатпадық.
Олар өліп кеткенмен өлмейтұғын
Даңқыменен Берлинде бір аттадық.
2-оқушы
Соғыс келді батар күн жарқылымен,
Өздерінің көк темір толқынымен,
Қаратастың қатыгез қабағымен,
Сарықұмның сары жез салқынымен.
Қара жерді қапсырып бауыр басқан,
Өртенеді ерте-кеш жанып аспан.
Қара ағаштар бірге қарауыл боп,
Қара түнді қопарып жалын шашқан.
3-оқушы
Отаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлт төнген күнде.
Барлығы
«Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін.»
4-оқушы
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар,
Жаттап алғын, балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
5-оқушы
Қамықпаған қиындықтың түбіне,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ — бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!