Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы (презентациямен). «Елтаңба» тақырыбы бойынша 78–79-жаттығулар.
Сабақтың мақсаты
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағынасы туралы білімді толықтыру; жуан және жіңішке дауыстыларды қайталай отырып, дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын меңгерту.
-
Рәміз авторларымен таныстыру; ұлтжандылық рухындағы өлеңдерді ұлттық нақышпен, көркем тілмен айтуға жаттықтыру; сауатты сөйлеуге және жазуға баулу.
-
Оқушылардың бойында ұлтжандылық сезімді қалыптастыру; мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, туған жеріне және еліне сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •Рәміз авторлары туралы мәліметтер
- •Тақырыпқа сай суреттер
- •Интерактивті тақта, кестелер, кеспе қағаздар
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, талдау, топтау, проблемалық-ізденушілік.
- Пәнаралық байланыс
- Математика, дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
1 дегенім — жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 дегенім — нашар баға,
Інішегім, нашарлама.
3 дегенім — орта баға,
Алады оны орта ғана.
4 дегенім — жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенім — үздік баға,
Оқитын бол үздік қана!
2) Үй тапсырмасын тексеру
- •«Қазақстан картасы» — Е. Өтетілеуов
- •«Біздің ту» — Ж. Молдағалиев
- •Тасымалданбайтын сөздер (ереже)
- •Қорытындылау: тест жұмысы
Тест сұрақтары
- 1. Тары өсірілетін облыс: а) Ақтөбе ә) Алматы б) Жамбыл
- 2. Мұнай алынатын жер: а) Алматы ә) Атырау б) Өскемен
- 3. Ыстық, мақталы өлке: а) Ақмола ә) Семей б) Шымкент
- 4. Тасымалдауға болмайтын сөздер: а) ат, а-на ә) қа-сық б) қо-ян
- 5. ҚР Мемлекеттік туының авторы: а) Ш. Ниязбеков ә) Ж. Молдағалиев б) Е. Өтетілеуов
- 6. Тудың өлшемі: а) ұзындығы 2 м, ені 1 м ә) ұзындығы 1 м, ені 2 м б) ұзындығы 3 м, ені 2 м
3) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
4) Жаңа сабақ
Кіріспе
Үнтаспадан «Еркіндігім — Елтаңбам» өлеңі тыңдатылады. Оқушылар өлең мазмұны арқылы бүгінгі сабақта Т. Молдағалиевтің «Елтаңба» өлеңімен танысатынын біледі.
Оқулықпен жұмыс
- •Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы және түсіндіруі
- •Оқушылардың тізбектей оқуы
- •Қайталау сұрақтары: дауысты дыбыстардың топтары, жуан/жіңішке дауыстылар, жуан/жіңішке сөздер
Негізгі ұғым (слайд)
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады: дала, тазалық, домбыра.
Қол моторикасымен жұмыс
Жазылымды қолдау мақсатында қысқа графикалық тапсырмалар орындалады.
Сөздік диктант
Жаға, дала, бұлт, ұсақ, ұшқыш, сабын, отар, шопан.
78-жаттығу (слайд)
Арғымақ
Даладағы ат қандай!
Шалғын шөпке белшесінен батқандай!
Құйғытсам бір — дала қала болады-ау,
Көз алдымда аунап бара жатқандай.
а) Талдау
Өлеңде аттың сұлулығы, жүйріктігі және жазғы даланың көрінісі сипатталады.
ә) Дыбыстық жұмыс
Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуына мысал болатын сөздерді табу және атау.
б) Автор туралы
Өлең авторы — Олжас Сүлейменов туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздігінен дауыссыз дыбыстары жуан айтылатын 10 сөз ойлап жазып шығады.
5) Сабақты қорытындылау
а) Сәйкестендіру тапсырмасы
Дыбыстар мен әріптер
- •Дыбыс — айтылады, естіледі.
- •Әріп — жазылады, көрінеді.
- •Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар; әріптердің орналасу тәртібі алфавит деп аталады.
Дауыстылар, буын, тасымал
- •Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы.
- •Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і.
- •Буын: сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады (от, а-та).
- •Тасымал: жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады; тасымалдау кезінде дефис қойылады (кө-гершін, көгер-шін).
Жуан және жіңішке жұптар
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар: а–ә, о–ө, ы–і, ұ–ү. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер, терезе, күрек, киік. Ал дауыстылар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, бұзау, құлын.
Ескерту
й, у, ң дыбыстары екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылуы мүмкін.
ә) Сөзжұмбақ
- 1) Нашар оқушы алатын баға
- 2) Қосу амалының компоненті
- 3) Адамды қоршаған орта
- 4) Дауысты дыбыс түрі
- 5) Салыстыруда қолданылатын таңба
- 6) Шағын қоғам
- 7) Жазу жолына сыймаған сөзді буынға бөліп жазу
б) Түйін (слайд)
Елтаңба — өжеттіктің, өрліктің белгісі.
Елтаңба — тәуекелдің, ерліктің белгісі.
Елтаңба — кемелдіктің, кеңдіктің белгісі.
Елтаңба — өзге елмен теңдіктің белгісі.
Елтаңба — өзгемен елдіктің белгісі.
6) Үйге тапсырма
- •«Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу
- •79-жаттығу
7) Бағалау
Оқушылардың жұмысы мадақтау және қажет болған жағдайда ескерту арқылы бағаланады.