Сабаққа назарларларын аудару
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл — 2-сыныпта өткізілген жаңа сабақ. Сабақта заманауи технологиялар қолданылып, интерактивті тақтамен жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сыни тұрғыдан ойлау (СТО) тәсілдері кіріктірілді.
Негізгі деректер
Пән
Қазақ тілі
Сынып
2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Менің сүйікті ойыншығым
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО әдістері, көрнекілік, талдау
Сабақтың мақсаты
1) Тақырыпты түсіндіру және сөздік қорды дамыту
Оқушыларға жаңа тақырыпты түсінікті әрі қолайлы түрде түсіндіру. Қызықты тапсырмалар арқылы ойыншықтардың атауын ажырата білуге үйрету.
2) Ой-өрісті кеңейту
Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың танымдық, іскерлік, есте сақтау және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
3) Шығармашылық пен сауаттылыққа тәрбиелеу
Оқу мен жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу, сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сабаққа назар аударту
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі біз интерактивті тақтаны пайдаланып, білімімізді де, тәртібімізді де көрсете білейік. Ендеше, сабағымызға сәттілік тілеп, өлең шумағымен бастайық.
2) Психологиялық дайындық
Мен оқушы баламын,
Оқу, білім аламын.
Мәтін түрін игеріп,
Сабақта белсенді боламын.
Ендеше, отырыңдар. Әр ісімізге мұқият болайық.
II. Қызығушылықты ояту
1) «Миға шабуыл» (жедел сұрақтар)
Өткенге қысқаша шолу жасау үшін сұрақтарға жауап береміз:
- Сенің атың кім?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай түстерді білесің?
2) Топтастыру және өткенді бекіту
Мәтіннің құрылымы мен мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
- Өткен сабақта қандай үлкен тақырыппен таныстық? («Ақылды қарға» ертегісі)
- Мәтін неден құралады? (Сөйлемнен)
- Мәтін не туралы? (Қарға туралы)
- Мәтінде қарға қандай болып көрінеді? (Ақылды)
- Неліктен «ақылды қарға» дейміз? (Өйткені қарға ақылымен құмырадағы суды тас салып ішеді)
3) Қорытынды
Ертегіде қарға өз ақылын қолданып, құмырадағы аз суды тас салу арқылы ішеді.
III. Мағынаны ашу
1) Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу
Бар екен олар бақшада,
Бар екен олар үйде де.
Өздеріне қарасаң,
Келеді олар әр түрлі.
Жұмбақтың шешуі — ойыншықтар. Олардың ойыншық екенін сурет арқылы және өз тәжірибеміз арқылы анықтаймыз.
Ойыншықтардың түрлері: доп, машина, секіртпе, қонжық.
2) Ережемен таныстыру
Ойыншықтар — әр үйде болатын, біз ойнайтын заттар. Олар әртүрлі болады: жұмсақ ойыншықтар, пластмасса ойыншықтар және т.б.
3) Оқулықпен жұмыс
- Ай, күнді жазу.
- Көркем жазу.
- 1-жаттығу (ауызша): сурет бойынша сұрақ-жауап.
Сұрақ
Мынау қандай ойыншық?
Жауап
Мынау — доп.
Сұрақ
Мынау қандай ойыншық?
Жауап
Мынау — қуыршақ.