Сабақ тақырыбы. Сабақтың әдісі

Сабақ тақырыбы

Көлдер

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Көл және оның түрлері туралы мәлімет беру, олардың географиялық орнын анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту; білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Адамның кейбір іс-әрекеттерінің қоршаған ортаға теріс ықпалы туралы әңгімелей отырып, оқушыларды табиғатты қорғауға және оны сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндірмелі-көрнекілік
  • Репродуктивтік
  • Анықтау–баяндау
  • Практикалық әдіс
  • Ой-қозғау стратегиясы
  • Модульдік технология стратегиялары

Көрнекіліктер

Глобус Дүние жүзінің физикалық-географиялық картасы Қазақстанның физикалық-географиялық картасы Дүние жүзінің саяси картасы Атлас карта Кодоскоп Эпидоскоп Телевизор Тірек сызба Кітап бұрышы

Пәнаралық байланыс

Тарих

Биология

Әдебиет

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    1 минут
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    10 минут
  3. III. Үй тапсырмасын қорыту

    4 минут
  4. IV. Жаңа сабақты түсіндіру

    15 минут
  5. V. Жаңа сабақты бекіту

    10 минут
  6. VI. Жаңа сабақты қорыту

    2 минут
  7. VII. Үй тапсырмасын беру

    2 минут
  8. VIII. Оқушылардың білімін бағалау

    1 минут

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу.

6–16 наурыз аралығында мектебімізде «Отан – ұлттың қарашаңырағы» атты тарих-география пән бірлестігінің онкүндігі өтіп жатқанын бәріміз білеміз. Бүгін сыныбымызда ашық сабақ өткізгелі отырмыз.

Ашық сабаққа жақсы дайындықпен келіп, білім нәтижелеріңді көрсетіп, нақты әрі толық жауап берулерің — онкүндікке қосқан үлестерің деп есептеймін.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы тексерейік.

Ойынның шарты

  • Мұғалім үлестірме материалдарын алдын ала дайындайды.
  • «Сиқырлы сандықша» алдыңғы тақырып бойынша сұрақтармен толтырылады.
  • Әр оқушы кезекпен сұрақ алып, дауыстап оқиды және жауап береді.
  • Жауаптың мазмұнына қарай баллдық жүйемен бағаланып, тиісті бағасын (фишка) алады.
  • Ойын соңында мұғалім әр оқушының жинаған ұпайын есептеп, I–II–III орындарды анықтайды.

Негізгі мақсат

Теориялық материал бойынша білім деңгейін нақты айқындау. Тек сонда ғана «сандықша» шынымен сиқырлы бола алады.

Қосымша тапсырма

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп жатқан кезде, үш қатардан алты оқушы карточкадағы дүниежүзінің ірі өзендерін тауып, белгілеп береді.