Қазақтың дәстүрлері
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Тақырып
Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Сабақ түрі
Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдер
СТО (сыни тұрғыдан ойлау) стратегиялары
Көрнекіліктер
- Ф. Оңғарсынованың суреті және кітаптары
- Ұлттық мерекелерді тойлау сәттерінен сюжетті суреттер
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы иллюстрациялар
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен тереңірек таныстыру. Қазақтың салт-дәстүрлері туралы бұрынғы білімді толықтыруға бағыт-бағдар беру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға үйрету.
2) Дамытушылық
Өлеңнің идеялық мәнін түсіне отырып, өзіндік талдау мен жинақтау жасауға баулу. Сыни ойлау арқылы жеке және топтық жұмыс барысында шапшаңдық пен тапқырлық танытуға бағыттау, ойын көркем әдеби тілмен жеткізе білуін дамыту.
3) Тәрбиелік
Өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға дәстүрді келер ұрпаққа жеткізуші әрі сақтаушы екенін сезіндіру арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпқа келген қонақ мұғалімдерге назар аудартады. Оқушылар қонақтармен амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық.
2) Топқа бөлу
Сабақ топтық форматта өтеді. Топ басшылары сайланып, сынып үш топқа бөлінеді:
- Абай ауылы
- Ыбырай ауылы
- Мұхтар ауылы
3) Үй тапсырмасын тексеру
1-топ
«Ғалымның хаты өлмейді» мәтінін қысқаша мазмұндау.
2-топ
Таймас Жұдас шешеннің сөзін жатқа айту.
3-топ
Абылай кім? Ол туралы не білесің?
Ой шақыру: «Абылай хан» ассоциациясы (топтастыру)
Батыр, хан, Әбілмансұр (шын аты), Сабалақ (Төле би қойған ат), Абылай (ұрандаған ұран).
4) Қызығушылықты ояту: «Саяхатқа шығу»
Бұл сабақта оқушылар өз білімін «жол азығы» етіп, ата-бабалар еліне ойша саяхатқа аттанады. Саяхат барысында елдің жерімен ғана емес, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен де танысу міндеті қойылады. Керуеннен қалмау үшін сабақ бойындағы тапсырмаларды дәл әрі тиянақты орындау қажет.
Тақырыпты табуға кіріспе ретінде көбейту кестесін қайталау ұсынылады.
5) Мағынаны тану: өлең және автор
Негізгі мәтін
Ф. Оңғарсынова — «Қазақтың дәстүрлері»
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- «Түртіп алу» стратегиясымен түсініксіз сөздер белгіленеді.
- Сөздік жұмыс жүргізіледі.
- Оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
Автор туралы
Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 — 23 қаңтар 2014) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996–2004). Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы) Манаш ауылында дүниеге келген.
Алғашқы өлеңдері 1958 жылы республикалық баспасөзде жарияланды. Тұңғыш жинағы — «Сандуғаш» (1966). Сондай-ақ «Алмас қылыш», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары мен «Үйім менің — Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» топтамалары кең танылған.
Сөздік жұмысы (өлеңдегі түсініксіз сөздер)
Өлең мазмұны бойынша талқылау сұрақтары
- Өлеңде қазақтың қандай дәстүрлері сөз болады?
- Тағы қандай салт-дәстүрлерді білесің?
- Ақын қазақтың кеңпейілдігін неге теңейді? Өлеңдегі басқа теңеулерді ата.
Негізгі ойлар (бағдар ретінде)
Қонақжайлылық, үлкенді сыйлау, өнерге сүйіспеншілік, ата-ана алдындағы борыш (әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу). Кеңпейілділік жазық даламен салыстырылады; құрмет көрсету әрекеттері ретінде «тізгінді алып», «тік тұру» секілді бейнелі тіркестер кездеседі.
6) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалып, назар мен жұмыс ырғағы қайта қалпына келтіріледі.
7) Топтық жұмыс
1-топ
Өлеңнен синоним мен антоним табу
Антонимдер: ерте — кеш, жас — кәрі, ұл — қыз.
Синонимдер: әдет — дәстүр, құрметтейді — сыйлайды, жазық — кең, халық — ел.
2-топ
Эссе жазу
Тақырып: «Дәстүрімді мақтан етемін». Ойды дәлелмен жеткізу, мысал келтіру, қорытынды жасау ұсынылады.
3-топ
Салт-дәстүрлерді жинақтау
Өздерің білетін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жазып, «топтастыру» стратегиясы бойынша жүйелеу.
8) Ой толғау: шығарманы талдау кестесі
Оқушылар төмендегі тармақтар бойынша кесте толтырып, мәтінді жүйелі талдайды:
- 1. Шығарманың аты
- 2. Авторы
- 3. Оқиға кезеңі
- 4. Оқиға орны
- 5. Басты кейіпкерлер
- 6. Негізгі идеясы
- 7. Мәтінге сай келетін мақал-мәтел
9) Шығармашылық тапсырмалар
1-топ
«Салт-дәстүрлер» тақырыбына төрт жол өлең құрастыру.
2-топ
Бір салт-дәстүрді сахналық көрініс арқылы көрсету.
3-топ
Кез келген салт-дәстүрді бейнелейтін сурет салу.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін не үйрендік?
- Өзің үшін қандай жаңалық аштың?
- «Салт-дәстүр» сөзіне бес жолды өлең (синквейн) құрастыр.
Бағалау
Оқушылардың қатысуы, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа үлесі және шығармашылық тапсырманы орындау сапасы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Ұнаған шумағын жаттау.