География пәнінің мұғалімі
Іс-шара туралы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте география пәні апталығы аясында «Дарындылар додасы» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылады.
Пән
География
Мұғалім
Нұрмұханова Қарлығаш
Форматы
Командалық интеллектуалдық сайыс
Мақсаты
- Оқушылардың танымдық және тапқырлық дағдыларын жетілдіру.
- Пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
- Шығармашылыққа баулу және өз ойын еркін жеткізу мәдениетін қалыптастыру.
- Өткен материалды жылдам еске түсіру дағдыларын нығайту.
Сайыстың барысы
I. Кіріспе бөлім
- Сәлемдесу, сайыс тақырыбы және мақсат-міндеттерімен таныстыру.
- Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ұйымдастыру
- Қатысушы топтарды таныстыру (әр топта 5 оқушы).
- Әділқазылар алқасын бекіту.
- Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Жүргізуші сөзі
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді
География сырына.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! География пәні апталығы аясында өтетін «Дарындылар додасы» білім сайысына қош келдіңіздер! Екі топқа сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Әділқазылар алқасы
- 1 География пәнінің мұғалімі
- 2 Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қатысушылар
- A «Алғырлар» тобы (6 «А» сыныбы)
- Ә «Тапқырлар» тобы (6 «Ә» сыныбы)
Сайыс кезеңдері (6 кезең)
-
1-кезең
Таныстыру
Әр топ басшысы ұрандарын және топ мүшелерін таныстырады. (10 ұпай)
-
2-кезең
Тіл өнері (мақал-мәтел)
Қай топ бірінші толықтырса, сол топқа 10 ұпай беріледі.
-
3-кезең
Сурет жұмбақ
Экранда берілген суреттер бойынша нысандарды анықтау.
-
4-кезең
Арқан тартыс
Әр команда өздері дайындап келген 5 сұрақты кезекпен қояды. Тақырып: «Ең, ең, ең».
-
5-кезең
Ауыстырмақ
Әріптері орын ауыстырылған сөздерден дұрыс географиялық термин құрастыру. Ең жылдам топ жеңеді.
-
6-кезең
Жеті жұмбақ
Әр топ 2 конверт таңдайды. Жауап табылмаса, көмек сұрақтарына жүгінуге болады, бірақ ұпай азаяды.
2-кезең: «Тіл өнері» — мақал-мәтелді толықтыр
Жүргізуші: «Мақал-мәтел — қазағымның мұрасы. Мақал білген — қазағымның баласы…»
- 1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- 2. Бір тал кессең, он тал ек.
- 3. Орман — ел дәулеті, жер сәулеті.
- 4. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
- 5. Дала көркі — мал, өзен көркі — тал.
- 6. Сулы жер құрақсыз болмас, тау бұлақсыз болмас.
- 7. Сулы жер — нулы жер.
- 8. Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу.
- 9. Байлықтың атасы — еңбек, анасы — жер.
- 10. Бұлақ көрсең — көзін аш.
3-кезең: «Сурет жұмбақ» — географиялық нысандар
Экранда көрсетілген суреттер бойынша төмендегі нысандарды табу ұсынылады:
- Ұлы Қытай қорғаны
- Эйфель мұнарасы
- Сарқырама
- Гейзер
- Жұмбақтас
- Бәйтерек монументі
- Сидней
- Каспий теңізі
- Айсберг
- Жанартау
4-кезең: «Арқан тартыс» — командалық сұрақтар
2030-дың бағдарлы биігі — білімнің еншісі, мұны әркім біледі.
Сондықтан, достар, дарынды бағалайық — алынбас қамал жоқ, жігерді шыңдайық.
Әр команда қарсыласына кезекпен 5 сұрақтан қояды. Сұрақтардың барлығы «Ең, ең, ең» тақырыбына құрылады.
5-кезең: «Ауыстырмақ» — сөздерді дұрыста
Әріптері орын ауыстырылған сөздерден дұрыс географиялық термин құрастырыңыз. Жылдам әрі дәл орындаған топ жеңіске жетеді.
| Берілгені | Дұрыс жауабы |
|---|---|
| ИАНМЕДРИ | Меридиан |
| РТОКВЭА | Экватор |
| СОПМАК | Компас |
| ЛАПЬРЛЕАЛ | Параллель |
| ЮПЛОС | Полюс |
| САПТАС | Пассат |
| НОСМУС | Муссон |
| ФАЙТНУ | Тайфун |
| ДОНАРОТ | Торнадо |
| ЛАНКУВ | Вулкан |
6-кезең: «Жеті жұмбақ» — ой ұшқырлығы
Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра, шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең.
Әр топ 2 конверттен таңдайды. Жұмбақтың жауабын таба алмаса, көмек сұрақтарын қолдануға болады: әр көмек алған сайын ұпай саны төмендейді.
Сұрақ 1
Олардың көлемі 20 см, салмағы 1,5 кг-ға дейін. (50 ұпай)
- Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді. (30)
- Әсіресе, ауыл шаруашылығына өте қауіпті. (20)
- Сыртқы пішіні негізінен домалақ болады. (10)
Жауабы: Бұршақ
Сұрақ 2
Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек пішіні үлкенірек. (50 ұпай)
- Формасы көбіне шығу тегімен байланыстырылады. (30)
- Ащы және тұщы түрлері болады. (20)
- Қалыптасуы үшін суды сақтай алатын ойыс қажет. (10)
Жауабы: Көл
Сұрақ 3
Кейде күн сәулесі бұлтты немесе жаңбырды ерекше жарқыратып, олардың бедерінде киноэкрандағыдай бейнелер пайда болады. (50 ұпай)
- Атмосферадағы ең жарқын оптикалық құбылыстардың бірі. (30)
- Орталығы Күнге қарсы нүктеде орналасады, төменгі жағы Жер кедергісінен көрінбейді. (20)
- Жазықтықта доға түрінде байқалады. (10)
Жауабы: Кемпірқосақ
Сұрақ 4
Бұл құбылыс литосфераның, атмосфераның және гидросфераның қалыптасуында маңызды рөл атқарған. (50 ұпай)
- Мұхитта да, құрлықта да кездеседі. (30)
- Ыстық газдан, будан, күлден және тастан тұрады. (20)
- Мысалдар: Везувий, Ключи шоқысы, Эльбрус. (10)
Жауабы: Жанартау
Қорытынды бөлім
III. Марапаттау
Жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.
IV. Қорытынды
Сайыс нәтижелері талданып, оқушылардың белсенділігі мен білім деңгейі бойынша қорытынды жасалады.