Мынау кім

Сабақтың тақырыбы

С. Шаймерденовтің «Ит ашуы» повестіндегі Марғау образы.

Сабақтың мақсаты

  • Повесть мазмұны арқылы Марғау бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеті арқылы баға беру.
  • Топтық және жұптық жұмыс барысында өз ойын дәлелдеп, қорғай білуге үйрету.
  • АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, іскерлікке жұмылдыру.
  • Сыни пікір айтуға және дәлелді ойлауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар Марғаудың иесіне адалдығын танып, оның мінез-құлқын мәтін негізінде түсіндіре алады.
  • Сыни ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелмен айта білуі күшейеді.

Түйінді идея

Ит — адамның досы.

Сергіту сәті

«Мен өмірге ризамын» атты видеоролик көрсетіледі. Мақсаты — эмоционалдық ахуалды тұрақтандыру, сабаққа зейінді шоғырландыру.

«Мынау кім?» ойыны

Оқушыларға кейіпкерлерді сипаттайтын белгілер беріледі. Міндет — сипаттама арқылы кейіпкерді анықтау және дәлел келтіру.

Мәтіннен үзінділер (талдауға негіз)

Иван Иванович: «Олай болса, тыңдай бер: дүниеде екі жойқын ит бар. Бірі — дог, екіншісі — монгол овчаркасы».

Иван Иванович: «Табан астында ит құтырды, ит. Мені де, міне, қан жоса етіп тастады. Неғып тұрсың? Өлтірді ғой аналарды».

Ұмсындық: «Тұра тұр, бәлем. Енді көрінеу итке талатпақ екенсің ғой?! Итке талатқанды көрсетейін мен саған!»

Қарғабек: «Қасқыр алады деген сөз бе, тәйірі. Менің итім жолбарыс та алады».

Лезбай: «Аяғыңды қасқыр шайнаса, сенің тамақ жегеніңді көрер едім!»

Баяндау: «Марғау қайта жыламай, үнсіз жатты. Сен болсаң бақырар едің».

Талқылау кестесі (1-топ)

Тапсырма

Берілген сөздердің мағынасын тауып жазыңыз және мәтіндегі рөліне қысқаша түсіндірме беріңіз.

Сөз Мағынасы / түсіндірме
Марғау ...
Лезбай ...
Қарғабек ...
Ұмсындық ...

Бұл кім? (кейіпкерді анықтау)

  1. 1) Әрдайым Лезбайды ығыстырып, өктем сөйлеп жүретін жігіт.

  2. 2) Жұртпен жылы сөйлесетін, ойнақы, сынық мінезді кісі. Үй ішіне қыл жұқтырмайды. Шопан тірлігінде Марғаудың еңбегінің қандай екенін жақсы біледі.

  3. 3) Иесін бұл дүниеде жанға теңгермейді, ал Қарғабекті жек көреді.