Жайлау туралы слайд, Жайлау суреті
Білім саласы және оқу іс-әрекеті
Білім саласы
Шығармашылық
ҰОІӘ түрі
Жапсыру
Тақырыбы
Жайлау
Мақсаты
-
Жайлау пейзажын бейнелеуге үйрету.
-
Геометриялық пішіндерді таныту және жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
-
Туындыны әңгімелеу арқылы тілін дамыту.
-
Көркемдік талғамын арттыру.
-
Шығармашылыққа баулу.
Көрнекіліктер мен материалдар
Көрнекіліктер
- Жайлау туралы слайд
- Жайлау суреті
- М. Хамзиннің «Жайлау» күйі
Қажетті құралдар
- Түрлі-түсті қағаз
- Желім
- Сүрткіш
- Жіп
- Үлгі
- Мақта
Ұйымдастыру кезеңі
Әңгіме бастау
Балалар, таңертең ұйқыдан тұрған кезде ең алдымен нені көреміз?
Күнді.
Күнді көргенде қалай қуанасыңдар?
«Алақай!» деп қуанып, қол шапалақтаймыз.
Күн бізге жылуын шашады ма, әлде суығын төгеді ме?
Жылуын.
Жылыту жаттығуы
Ендеше, алақандарымызды «күнге» созып, жылытайық. Алақанымыздағы жылуды жүрек тұсына әкеліп, күннен алған күш-қуатты бойымызға таратайық.
Негізгі бөлім
Слайд бойынша әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға слайд арқылы жайлау көріністерін көрсетеді. Көрсете отырып, табиғат туралы әңгімелеседі: тау, өзен, ағаш, шөп, гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар мен жан-жануарлар.
Музыка тыңдау
Балалар атамен бірге жайлау көрінісін елестете отырып, М. Хамзиннің «Жайлау» күйін тыңдайды.
Сергіту сәті
Бүкпе бойды тік ұста, Еркін тұрып тыныста. Жәй оң қолды сол жаққа, Жәй сол қолды оң жаққа.
Тақпақ: «Жайлауда»
Атам биыл мені де, Алып барды жайлауға. Құлындар тұр желіде, Биелер тұр байлауда. Бұлағын да ұнатам, Қыранын да ұнатам. Жылда-жылда жайлауға Апаратын деп жүр атам.
Жапсыру жұмысына нұсқау
Тәрбиеші жайлау бейнесін жасау жолын үлгі бойынша кезең-кезеңімен көрсетіп, түсіндіреді: геометриялық пішіндерді орналастыру, бөліктерді ретімен жапсыру, ұсақ бөлшектерді (мақта, жіп) ұқыпты қолдану.
Саусақ жаттығуы
Мына саусағым — атам, Мына саусағым — әжем, Мына саусағым — әкем, Мына саусағым — анам, Мына саусағым — мен, Бәріміз — бір жанұя.
Балалардың жұмысы
Балалар үлгіге қарап, жайлау көрінісін жапсыру арқылы орындайды.
Дидактикалық ойын
«Өрнектерді құрастыр» — балалар берілген бөліктерден өрнек құрастырып, үйлесімділікті табады.
Қорытынды
Көрме және мадақтау
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын атаға көрсетіп, еңбектерін мадақтайды. Ата балаларға риза болып, батасын береді.
Бата
Бата берсе атасы, Бата берсе анасы, Немересі өспей ме, Болып жұрттың данасы. Мен батамды берейін, Үстем болсын мерейің, Фарабилер секілді, Қас биіктен көрейін.