Қазақша рефераттар
Кішіге берген көмегің, Бойыңдағы өнерің
Абдрахман Асылбек өлеңі
Жақсы мен жаман
Жақсы деген немене? –
Әдеп пенен өнеге!
Үлкендерді сыйлауың,
Ақыл сөзін тыңдауың.
Кішіге берген көмегің,
Бойыңдағы өнерің.
Жаман деген жақсы емес,
Жей қоятын тәтті емес:
Үлкендерді сыйламау,
Ақыл сөзін тыңдамау.
Жақсы істерді көрмеуің,
Кішіге көмек бермеуің.