Спорт киім
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға спорт киімдері туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйелеу және пысықтау. Грамматикалық ұғымдарды сауатты, дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
2) Дамытушылық
Ойлау, есте сақтау, көру арқылы қабылдау қабілеттерін дамыту. Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге және ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3) Тәрбиелік
Спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атау.
Әр орындалған тапсырма үшін стикер беріледі. Жиналған стикер саны бойынша білім бағаланып, баға қойылады.
Үй тапсырмасын тексеру
- 1-деңгей: әңгіме жазу.
- Өткен тақырыпты еске түсіру: ашық рай, шартты райдың жасалу жолдары.
II. Жаңа сабақ
Кіріспе сұрақтар
- Бұл суретте не бейнеленген?
- Бұл қандай киім?
Бүгінгі сабақтың лексикалық тақырыбы — спорт киімі, ал грамматикалық тақырыбы — тұйық етістік.
Мақсат қою
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаттарын өздері тұжырымдап, «гүлге» жазады.
A) Тыңдалым
Мәтінді тыңдау: «Мәтін не туралы?» деген сұраққа жауап беру.
Жаңа сөздер
- Қарапайым
- простая
- Ыңғайлы, қолайлы
- удобная
- Үлгі
- пример
- Сәнді
- красивый
Ә) Оқылым
Мәтінді іштей және дауыстап оқу, негізгі ойды анықтау.
Спорт киімі қарапайым, қолайлы және ыңғайлы. Оны көшеге шыққанда, спортзалға барғанда киеді. Салауатты өмір салтын ұстанатындар «Спорт — бұл өмір» деп санайды. Дизайнерлер «Спорт — бұл тренд» дейді, сондықтан оған сай сәнді спорттық киімдер шығарады. Спорттық үлгідегі киімдерді кештерге, серуендеуге киіп барып, сәнді көрінуге болады.
Талқылау сұрағы: Мәтін не туралы?
Б) Ассоциация
«Спорт киімі» тақырыбы бойынша ассоциация картасын толтыру.
В) Топтық жұмыс
Оқушылар топқа бөлінеді. 1-топқа кітап беріледі: оқушылар тұйық етістікпен өз бетімен танысып, түсіндіреді.
Тапсырма 1
Тұйық етістік дегеніміз не?
Тапсырма 2
Тұйық етістік қалай жасалады?
Тапсырма 3
Тұйық етістік қалай түрленеді?
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіту.
Г) Жазылым
1-тапсырма (101-бет): мәтіннен тұйық етістіктерді табу, түбірін, жұрнағын, жалғауын анықтау.
4-тапсырма (102-бет): тиісті жалғауды қойып, етістіктің шақтарын анықтау.
Д) «Жәрмеңке» ойыны
Оқушылар жәрмеңкеге қойылған заттарды сұрақтарға жауап беру арқылы «сатып алады».
- 1. Спорттық киім қандай болады?
- 2. Тұйық етістік қалай жасалады?
- 3. «Жүгіру» етістігін қолданып сөйлем құрастырыңыз.
- 4. Тұйық етістік қалай түрленеді?
- 5. «Ойнауды» сөзін сөз құрамына талдаңыз.
III. Сабақты бекіту
Қайталау
- Бүгін қандай тақырыптармен таныстық?
- Спорт киімі туралы нені білдік?
- Тұйық етістік туралы қандай қорытынды жасадық?
Үй тапсырмасы
- 1)«Жүгіру», «секіру» сөздерін септеңіздер.
- 2)«Дене шынықтыру сабағындағы киім» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.
IV. Рефлексия: «Сезім ағашы»
Егер сабақты толық түсінсеңіз, ағашқа қызыл алма іліңіз. Егер түсініксіз болса, жасыл алма іліңіз.
Қызыл алма
Тақырыпты толық түсіндім.
Жасыл алма
Әлі де түсінбеген тұстарым бар.
V. Бағалау
Бағалау стикер санына қарай жүргізіледі.